Untitled Document

Ғибрат... Ықыласпен айтылған истиғфар (1)

Имам Ахмед бин Ханбәл хазреттері хадис шәриф жинақтау мақсатында ұзақ сапарға аттанған болатын. Сан-алуан ел кезіп, қаладан қалаға, ауылдан ауылға жол асып жүрген күндердің бірінде ақшам азаны оқылып жатқанда бейтаныс бір қалаға кіріп келеді. Дәл сол сәтте шелектеп жаңбыр құйып кетеді. Имам Ахмед хазреттері сол маңдағы мешітте ақшам намазын оқығаннан кейін түнді осында паналауды ұйғарады. Күн күркіреп, аспан ойылып қалғандай жаңбыр селдей құйылып жатты. Құптан намазы кіргенге дейін Құран кәрім оқып, кейін құптанды жамағатпен оқып болған соң, итиқафқа ниет етіп бір бұрышқа жайғасып отырады. Бірақ сәлден соң жамағат ішінен бір кісі келіп есікті кілттейтінін айтып, мешітті босатуын сұрайды. Имам Ахмед:

- Барар жерім жоқ еді, дала жаңбыр, бір бұрышта түнеп шықсам,- дей бергенінде әлгі кісі:

- Жоқ, бұл жер төсек орын емес, тез босатыңыз,- деп кесіп айтты.

- Мешіттің ішінде қалуға рұқсат бермесеңіз, ең болмағанда ауласында паналайын!

- Жоқ, болмайды. Көп сөзді доғарып шығыңыз сыртқа. Әр өткен кеткен қонатын болса, құрыдық дей бер, бізге намаз оқитын жер қалмас,- деп үзілді-кесілді ол жерден кетуін талап етеді. Бұдан кейін көңілі жасыған Имам «жарайды» деп ол жерден шығып кетеді. Дала тас қараңғы, жаңбыр толассыз жауып жатқан болатын. Имам ахмед Аллаһқа тәуәккүл етіп, қаланың орталығына қарай беттейді. (Жалғасы ертең...)