Жалғасы... Сүзбеге қарағанда кальций мөлшері көбірек 10 азық-түлік (2)
3) Күнжіт: Күнжіт — өсімдікті көздердің ішіндегі кальций мөлшері көп абсолютті көшбасшы. 100 г күнжіт дәнектерінде 975 мг кальций және 17,7 ақуыз бар.
4) Майшабақ: Консервіленген майшабақтар сүйектерімен қоса желінетін болғандықтан құрамында кальций көп: 100 г өнімде 382 мг кальций бар. Сонымен қатар құрамында 24,6 г ақуыз бен 6,8 мкг D дәрумені бар (күндік мөлшердің 68%). Майшабақтың құрамында кальций күнжітке қарағанда төмен болса да, D дәруменінің арқасында жақсырақ сіңеді.
5) Бадам: 100 г бадамның құрамында 216 мг кальций және 21,9 г ақуыз бар.
6) Сарымсақ: 100 г сарымсақтың құрамында 181 мг кальций және 6,4 г ақуыз бар. Егер де сарымсақты жақсы көрсеңіз, онда оны тағамдар мен тіскебасарларға қосып тұрыңыз: жүрек-қан тамырларының ауру қауіптілігін басады, ісікке қарсы және микробқа қарсы әсері бар, глюкоза деңгейін дұрыстауға көмектеседі.
7) Ақжелкен: 100г ақжелкеннің құрамында — 138 мг кальций және 3 г ақуыз бар. Әрине, ешкім бір буда көкті жей салмайтын шығар, дегенмен, тағамдарға жиі қосып тұрсаңыз болады.
8) Сүт: 100г сүттің құрамында 120 мг кальций мен 3,3 г ақуыз бар. Сүттегі кальций лактозаның көмегімен жақсы сіңіріледі. Ал ақуыздың сіңімділігі ең жоғарғы дәрежеде — 1,0. Сүт қаныққан майларға бай, сондықтан холестириніңіз көп болса, онда майсызданған түрін таңдаңыз. Ағзаңызда лактозаны қабылдамау қасиеті жоқ екеніне көз жеткізіп алыңыз: лактоза ферменті жетіспейтін адамдар кальцийдің сіңімділігін жоғалтады және асқорыту мәселесін тудырып алады.
9) Орман жаңғағы: 100 г орман жаңғағында 114 мг кальций, 15 г ақуыз бар және 628 ккал бар. Егер калория санағанды ұнатпасаңыз, онда күніне орман жаңғағын бір уыстан артық жемегеніңіз абзал.
10) Соя: 100 г піскен бұршақтың құрамында 102 мг кальций және 16,6 г ақуыз бар.