Кальций — адам ағзасында басқа минералдарға қарағанда көбірек кездеседі. Ол:
- сүйек саулығын сақтау (жеткілікті мөлшердегі кальцийдің болуы сүйектің сыну, остеопороз және қант диабетін азайтуға көмектеседі);
- қан тамырларының қысқаруы және босаңсуы;
- бұлшықеттің жиырылуы;
- жүйке импульсының таралуы;
- гормондардың секрециясы үшін қажет.
Тұтынушылық басқару нормалары бойынша ересек адамдар күніне 1000 мг, 60 жастан асқан егде адамдар 1200 мг кальций тұтыну қажет. Кальцийдің зат алмасуы ақуыз бен D дәруменінің көмегімен жүзеге асады. Көптеген адамдар кальцийдің ең көп мөлшері сүзбеде деп ойлайды, бірақ бұл қате пікір. Сіздерге құрамында кальций мөлшері одан әлдеқайда көп бірнеше азық-түлік тізімін ұсынамыз:
1) Жұмыртқа қабығы: Бір жұмыртқаның қабығында 2 г кальций бар. Ол 5 г салмақ құрайды және ұнтақталған кезде бір шай қасыққа сыйып кетеді. Ұнтақталған жұмыртқа қабығының жарты шай қасығы кальций диетасының (яғни тамақпен желінетін) бір күндік қажеттілігін өтейді. Салыстырмалы түрде: 1,2 кг сүзбе жегенмен бірдей. Ұнтақтау үшін жақсылап жуылып, бактерияларды өлтіру мақсатында 5 минут қайнатылған жұмыртқа қабығын кептіріп, кофе үгіткіште ұн сияқты болғанша үгітіңіз. Күніне жарты шай қасық жеп тұрыңыз. Мысалы, дайын тамаққа қосып жеңіз.
2) Пармезан және басқа да ірімшіктер: Сүт өнімдерінің ішіндегі кальцийға ең бай азық-түлік — пармезан ірімшігі. 100 г өнімде 1 184 мг кальций бар — тәуліктік қажеттіліктен де көп. Оған қоса, құрамында ақуыз да көп (100 г өнімде 38 г) және 0,95 мкг D дәрумені бар. Басқа ірімшіктерде де кальций және оның сіңірілуіне қажетті заттар бар. (Жалғасы ертең...)