Untitled Document

Бала тәрбиесі... Аздаған кеңес

  • Балаларыңыздан қайғыларыңызды, дерттеріңізді жасырыңыздар.
  • Баланы жанұядан біреу ұрсып, сөгіп жатқанда, бұл ұрысқаны әділетсіздік болса да, жанұядағы басқалары баланы жақтамауы керек.
  • Олардың жанында әрқашан жайдарлы, күлімдеген, жарқын жүзді болыңыз! Жабырқаулы, мұңды адамдардың жанында балалар қатты әсерленеді.
  • Балаларыңызды өзгелердің жанында ұрыспаңыз! Кішкентайлардың да намысы, ренжитін өздеріне тән көңілдері бар.
  • Балаларыңызға жасаған қателіктерін мойындауды үйретіңіз. Кемшіліктерін білуі және оны жасамауға тырысуы, өмірде жетістікке жету сырларының бірі.
  • Батыл мінезді болуыңыз баланы көптеген жаман әрекеттерден сақтайды.
  • Балаларды ешқашан өтірікшілікпен айыптамау керек.
  • Балаларыңызды бір-бірінен ешқашан бөлектемеңіз.
  • Балалардың тәкаппарлануына ешқашан көз жұмбау керек.
  • Балаларға өткінші емес, тұрақты тәрбие беруге тырысу керек.
  • Балалардың көңілді және қуанышты болуларына тырысу керек.

                

Кешегі жұмбақтың жауабы: Ұстай алмайды. Мысық 5 рет аттағанда тышқан 15 қадам өткен болады. Мысық 6 рет аттағанда тышқан 18 қадам басады. Тышқан тағы да 2 қадам басумен тесікке кіреді. Ал мысық әлі соңғы аттамының тек 2/3-ін ғана өткен болады.