Отбасы... Бақыттың сырлары
Абдуллаһ Ғиждуани хазреттерінің жаңа үйленген шәкіртіне айтқан насихаты: Отбасылық өмір өзара түсінушілікті талап етеді. Яғни бақытты отбасы құра алу үшін сабыр мен салмақтылық қажет. Әйелдің бес уақыт намазын оқитын болуы, күйеуіне мойынсұнуы, көшеге шыққанда ашық-шашық жүрмеуі еркек үшін жаннат ниғметі болып табылады. Оның қадірін білу, оны ренжітпеу керек. Оған қиыншылықтарды, қайғыларыңды, дұшпандарыңды, қарыздарыңды айтпау керек. Қасында болғанда да, жоқ кезінде де үнемі оған қайырлы дұға етіп жүру, жаман дұға жасамау керек. Өйткені ол үйдің берекесі, тазалығын орнатушы, бала-шағаның бағушысы, үйдегі аспаз, мал-мүлкіңнің күзетшісі және өмірлік жолдасың. Зәру (мәжбүр) жағдай болмайынша ажырасуға жанаспау керек. Өйткені ажырасу мубахтардың ішіндегі Аллаһу та’ала жақсы көрмейтін тірлік.
Зеректік жұмбағы...
Мысық пен тышқан
Тышқан қабырғадағы тесіктен 20 қадам ұзақта. Мысық тышқаннан 5 аттам ұзақтықта. Мысық бір аттағанда тышқан 3 қадам баса алады. Мысықтың бір аттағаны тышқанның 10 қадамымен бірдей. Мысық тышқанды ұстай ала ма? (Жауабы ертең)