Untitled Document

Мәлімет... Әлемдегі ең қатты тістейтін(шағатын) тіршілік иелері

Отты құмырсқалар: Solenopsidini деп аталатын жауыз құмырсқалар өз құрбанының денесіне бекініп алады да, кейіннен құрсақ қуысында орналасқан бізгек арқылы у шашады. Соленопсин улы алкалоиды адамда қатты күйікке ұқсас сезімдерді тудырады екен.

Бөрібалықтар: Бөрібалықтардың төменгі жақ сүйегі алға қарай едәуір шығыңқы келеді. Аса өткір үшбұрышты тістерінің өсуі де ерекше – балық аузын жұмғанда, үстіңгі тістері астыңғы тістердің араларына дәл түседі екен. Соның арқасында жыртқыш байғұс құрбанның денесін бөлшектеп жібереді. Бөрібалықтар өте жылдам тістейді. Бұл жыртқыштардың бір үйірі алып денелі енекенің өзін бар болғаны 15 минут ішінде қу сүйек қалғанша кеміріп тастай алады екен.

Медузалар: Медузалардың көп түрі өздерін шабуылдан қорғау үшін, немесе керісінше, олжаны ұстау үшін нематоциттермен атқылайды. Нематоциттер – ату кезінде кіп-кішкентай гарпундар тәрізді әрекет ететін арнаулы клеткалы құрылымдар. Әлемде медузалардың адам үшін қауіпті болып келетін 15 түрі бар. Chironex fleckeri медузасының салмағы бір жарым килограммға дейін жетеді, ал улы қармауыштары үш метрге дейін жайылады екен.

Құршаяндар: Ғылымға құршаяндардың екі мыңға жуық түр тармағы белгілі. Олардың жиырмасы адам өмірі үшін қауіпті. Ол құршаяндарды Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста кездестіруге болады.

Қанішер-ара: Африканың жабайы аралары өркениетті әлемнің омарташалары үйренген аралардан айтарлықтай ерекшеленеді. XX ғасырда оларды Оңтүстік Америкаға енгізу әрекеттері жасалған, содан бұл түр солтүстікке таралды. Бұл жәндіктер ұясын қорғау қажет деп шешсе ғана шабуылдайды екен. Олардың уы – адам баласын санаулы минутта-ақ өлтіріп жібере алады.