Untitled Document

Сұхбат... Аллаһу та’аланың себептермен жаратуы

Аллаһу та’ала барлық нәрсені бір себеппен жаратуда. Аллаһу та’ала қалайтын болса, барлық нәрсенi себепсiз, құралсыз жаратар едi. Отсыз өртейтін едi. Жеместен тойдырар едi. Ұшақсыз ұшырар еді. Дыбысты радиосыз-ақ ұзақтан естіртетін еді. Алайда, мейірім етіп, құлдарына жақсылық жасап, барлық нәрсенi жаратуды белгілі бiр себепке байлады. Белгiлi нәрселердi белгiлi себептермен жаратуды қалады. Істерін, құдіретін себептердің астына жасырды. Аллаһтың бір нәрсені жаратуын қалаған адам сол нәрсенің себебін орындайды, кейін сол нәрсеге қауышады. [Шырағданды жаққысы келген адам сіріңке қолданады. Зәйтун майын шығарғысы келген адам сығу құралын қолданады. Басы ауырған адам дәрi ішеді. Жәннатқа кіріп, шексіз ниғметтерге қауышқысы келген адам Ислам дініне мойынсұнады. Өзiн тапаншамен атқан немесе у iшкен адам өледi. Терлеп тұрғанда су iшкен адам ауырады. Күнә iстеген және иманынан айрылған адам тозаққа түседі. Адам қандай себепті қолданса, сол себеп құрал етілген нәрсеге қол жеткізеді. Мұсылман кiтаптарын оқыған адам мұсылмандықты үйренеді, жақсы көреді, мұсылман болады. Дiнсiздер мен мазһабсыздардың арасында жүріп, олардың сөзiн тыңдаған адам дiн наданы болады. Дін надандарының көпшілігі кәпір болады. Адам қай жақтың көлігіне мінсе, сол жерге барады.

Адамдардың әрбiр iсiн, қалап және қаламай iстеген барлық әрекеттерін жарататын – Аллаһу та’ала. Құлдардың ықтиярлы, яғни өз қалауымен жасайтын әрекеттерiн, істерін жаратуы үшін құлдарында «Ықтияр» (қалау) және «Ирада» (таңдау) жаратқан, осы таңдау мен қалау еркіндігін iстердi жаратуына себеп қылған. Бір пенде бiр нәрсе iстеудi қалаған кезде, мұны Аллаһу та’ала да қаласа, ол iстi жаратады. Пенде қаламаса, Аллаһу та’ала да қаламаса, ол нәрсенi жаратпайды. Ол нәрсе тек пенденің ғана қалауымен де жаратылмайды. Аллаһу та'ала да қаласа жаратады.