Untitled Document

Сұхбат... Періштелерге иман келтіру

Иман келтірілуі, сенілуі керек болған алты шарттың екіншісі – «Оның періштелеріне сену». Періште – елші, хабар беруші немесе қуат деген сөз. Періштелер – дене. Олар өте жеңіл. Газдан да жеңіл. Нұрдан жаратылған. Олар тірі, ақылды. Адамдардағы жамандықтар періштелерде жоқ. Барлық түрге ене алады. Газдар сұйық және қатты бола алғанындай және қатты болғанда белгілі күй алғанындай, періштелер де әдемі кейіптерге ене алады. Періштелер – ұлы адамдардың денесінен айрылған рухтар емес. Христиандар періштелерді осындай рух деп санайды. Энергия, қуат сияқты материясыз да емес. Ескі философтардың бір бөлігі осылай ойлайтын еді. Бәріне «Мәлаикә» делінеді. Періштелер барлық жандыдан бұрын жаратылды. Осы себептен кітаптарға иман келтіруден бұрын періштелерге иман келтіру білдірілді. Кітаптар да пайғамбарлардан бұрын тұрады. Құран кәрімде де сену керек болған нәрселердің атауы осы ретпен берілген.

Періштелерге иман мынадай болуы тиіс: Періштелер – Аллаһу та’аланың құлдары. Серіктері емес. Қыздары емес. Кәпірлер мен мүшриктер осылай санайды. Аллаһу та’ала періштелердің барлығын жақсы көреді. Олар Аллаһу та’аланың бұйрықтарына мойынсұнады. Күнә істемейді. Әмірлерге қарсы шықпайды. Әйел-еркек болып бөлінбейді. Үйленбейді. Балалары болмайды. Олап өмір сүреді, тірі. 

Саны ең көп болған жаратылыс – періштелер. Олардың санын Аллаһу та’аладан басқа ешкім білмейді.