Untitled Document

Тарих... Моңғол шапқыншылығы (1)

Ескі замандары түркі халықтарына жақын аймақта өмір сүрген моңғолдар халық саны жағынан да, мәдени тұрғыдан да көршілерінен әлдеқайда артта қалған болатын. Түркілер негізгі отандары саналатын бүгінгі Моңғолстан жерінен батысқа қарай көшкен сайын, моңғолдар оңтүстікке қарай ығысып осы топырақтарға иелік ете бастады. XII ғасырға дейін ұсақ тайпалық ғұмырдан әрі аса алмаған моңғолдар Шыңғысханның көш бастауымен тарих сахнасына үлкен өзгерістер енгізді.

Шыңғыс хан – моңғолдардың Қият тайпасынан шыққан. Түркі тілін білуіне байланысты кейбір кейінгі тарихшылардан оның түркі тайпасынан шыққандығын, отбасының кейіннен моңғолдармен сіңісіп кеткендігін айтатындар бар. Негізгі аты Тимучин еді. Әкесі Есугей тайпа көсемі болатын. Әкесі ерте қайтыс болғандықтан Тимучин мен бауырларын ақылы мен даналығы ұштасқан аналары Бөрте өсіреді. Бөрте қоңырат тайпасының көсемінің қызы болатын. Жақындарының қолдауы, батылдығы мен зеректігі арқылы айналадағы тайпалардың басын біріктіріп, Моңғолстанның ханы – Шыңғыс хан атанды. Шың – әмірші дегенді білдіреді. Ескі Ғұндардың әдісі бойынша әрбірі 10 мың адамнан тұратын түмендерден құралған орасан-зор әскер жасақтады. Ауыр шайқастардан кейін Қытайдың ел ордасы Пекинді бағындырды. Тарихтағы күшті династиялардың бірінің негізін салды. Ұрпақтары ХVІІ ғасырға дейін Қытайды биледі. 

Отырардың билеушісі Қайыр ханның моңғол саудагерлерін өлтіруі, одан кейін Харезмшахтың кешірім мен құн сұрап келген моңғол елшілерін өлтіруі Шыңғыс хан жорығына бастау болды. Шыңғыс хан 200 мың қолмен Орта Азия аумағына қарай беттеді. Қатігездікте Шыңғысханнан кем түспейтін Хорезм шахы жеңіліс тапты. (Жалғасы ертең...)