Untitled Document

Сұхбат... Барлық махлұқтарды жаратқан Аллаһу та’ала

Алты шарттың біріншісі – Аллаһу та’аланың уажиб-ул вужуд және хақиқи мабуд (шынайы табынуға лайықты) және бүкіл болмыстың жаратушысы екеніне сену. «Дүние мен ахирет әлемдерінде бар болған бүкіл нәрсені  материясыз, уақыттан тәуелсіз, теңдессіз күйде жоқтан бар еткен тек қана Аллаһу та’ала» деп нақты сену деген сөз. [Барлық заттарды, атомдарды, молекулаларды, элементтерді, қоспаларды, органикалық заттарды, жасушаларды, өмірді, өлімді, әрбір құбылысты, әрбір реакцияны, барлық түрлі қуаттарды, энергия түрлерін, қозғалыстарды, заңдылықтарды, рухтарды, періштелерді, жанды-жансыз бүкіл болмысты жоқтан бар қылған және бәрін әр сәтте бар қылып ұстап тұрған тек қана Ол.] Әлемдерде болып жатқан барлық нәрсені [ешбірі жоқ кезде, бір сәтте] жаратқанындай, [әрдайым бір-бірінен де бар қылуда. Қиямет уақыты келгенде барлығын бір сәтте] қайтадан жоқ қылып жібереді. Барлық болмыстың жаратушысы, иесі, басқарушысы – Ол. Оның иесі, қожайыны, үстемі жоқ деп сену керек. Барлық үстемдік, барлық кәміл сипат Оған ғана тән. Онда ешқандай кемшілік, нұқсан сипат жоқ. Ол қалағанын жасай алады. Жасағандары өзіне немесе басқаларға пайдалы болу үшін емес. Қандай да бір пайда көру үшін жасамайды. Сонымен қатар, әр ісінде хикметтер, пайдалар, игіліктер және жақсылықтар бар.