Мақала... Мұхаммед Әмин Хобон
Мұхаммед Әмин Хобон (неміс) – әрі дипломат, әрі миссионер. Әлеуметтік мәселелермен айналысқан ғалым және дін адамы. Неліктен мұсылман болдыңыз деген сұраққа жауабы:
Еуропалықтар неліктен өз діндерін тастап, мұсылман болуда? Мұның көптеген себебтері бар. Бұлардың ең басында Хақ келеді. Ислам дінінің негізгі қағидалары өте қисынды, өте дұрыс болғаны соншалық, дінде хақты, ақиқатты іздеген ақылы толық, оқыған адамның бұларды қабылдамауы мүмкін емес. Мысалы, Ислам діні жалғыз бір тәңірдің бар екенін білдіреді. Адамдардың сәлім ақылына (саналылығына) үндеп, оларды көптеген қате сенімдерге сендіруге түспейді. Ислам діні әлемдегі барлық адамдардың, қандай нәсілден болса да, бәрінің Аллаһу та’аланың құлы ретінде бір-бірімен тең, бір-бірінің ұқсасы екендігін білдіреді....
Мен әлемнің көптеген жерлерінде және мұхиттарында дипломат және миссионер ретінде болдым. Басқа діндерді, қоғамдық жүйелерді мұқият зерттедім. Бірақ Ислам діні сияқты дұрыс, Ислам дініндей кәміл дінді де, қоғамдық жүйені де кездестірмедім. Коммунизм адамдарға бір қарағанда дұрыс түсінік сияқты болып көрінеді. Осы сияқты, әлемде ең үлкен басқару түрі деп есептелетін батыстағы демократия мен нацизмде де кейбір дұрыс тұстары бар. Бірақ олардың ешбірі толық емес. Барлығында көптеген кемшіліктер бар. Толық және кемшіліксіз болғаны – тек Ислам діні ғана. Адамдарды жетілдіретін құрал еуропалықтардың табысы болған әлеуметтік ойлар емес, тек қана Ислам діні. Сондықтан әрбір сәлім ақыл (саналы) иесі ешбір күмәнсіз Ислам дінін қабылдайды. Мен де солай істедім. Мұсылмандық – көзқарастар діні емес, амалдық (практикалық) дін. Ислам діні – адамның рахим және ғафур (мейірімді және кешірімді) болған және дұрыс жолды көрсеткен Аллаһу та’алаға өзін тапсыруы деген сөз. Бұдан жақсы не болуы мүмкін?