Мәлімет... Компьютерлік вирустар
● Әлемдегі ең алғашқы вирусты 1983 жылы 10 қарашада Фред Коэн компьютерлік қауіпсіздік туралы семинарда таныстырған болатын. Ал қазіргі таңда, электронды құрылғыларды күнделікті зақымдайтын бірнеше мыңнан аса вирус түрлері белгілі.
● Статистика бойынша, жыл сайын әрбір үшінші компьютер, ең кем дегенде, жылына бір рет вирустық шабуылға тап болады.
● Мамандардың зерттеуіне сәйкес, антивирустардың 1-2 күнде-ақ ескіретіні анықталған. Осыған орай, вирустарға қарсы қорғауға қарамастан, 15% вирус компьютерге еркін кіре алады. Себебі, хакерлер техникалық жабдықты зақымдаудың күрделі жолдарын күнделікті ойлап табу үстінде.
● Жыл сайын компьютерлік вирустар әлемдік экономикаға $1,5 триллион көлемінде қаржылық шығын әкеледі.
● Тарихтағы ең жойқын вирус «I Love You (Мен сені сүйемін)» атты романтикалық атауға ие, сонымен қатар, ол «LoveLetter» атымен де белгілі. Аталған жазумен таралған хат-хабар Филиппиннен 2000 ж 4-мамырынан 5-мамырына қараған түні бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға жіберіле бастаған. Ешқандай күдіксіз хат-хабарды ашқан қолданушылар, оның астында зұлым вирустың жасырынып жатқанынан бейхабар еді. Қолданушы хатты ашқан кезде, вирус сол сәтте-ақ хаттың көшірмесін жасап, оны қолданушының барлық контактілеріне жібереді. Осылайша, «I Love You» вирусы 3 миллионнан аса компьютерді зақымдау арқылы, әлемдік экономикаға 10-15 миллиард доллар қаржылық шығын келтірді. «LoveLetter» әлемдегі ең жойқын, зұлым вирус ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді.
● Желідегі ең алғашқы ауқымды вирустық шабуыл 1988 ж болды. Ол «Моррис құрты» деген атауға ие. Вирус АҚШ-тағы 6 мыңнан астам компьютерлік жүйе мен оның жұмыстарын зақымдаған. Осылайша, «Моррис құрты» $96 миллион мөлшерінде қаржылық шығын келтірді.
● Компьютерлік вирустар құрылғыларды зақымдап, жоюдан басқа экономиканың жаңа бір саласына «өмір сыйлады». Яғни, жыл сайын антивирустық компаниялар вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамаларды шығарып, 2 миллиард долларға дейін табыс табуда.