Әдеп-ахлақ... Отырудың әдебі
Жалғыз отырғанда, басқа тарапқа бұрылу қажеттілігі жоқ болса қыблаға бұрылып отыру керек. Құран кәрім оқығанда, дұға еткенде қыблаға қарап отыру мүстаһаб. Хадис шәрифте былай делінеді: «Барлық нәрсенің ең әдемі, ең қолайлы түрі бар. Отырудың ең әдемі түрі қыблаға қарай отыру.» (Әбу Дауд)
Үзірсіз, себепсіз қыблаға қарай аяқты созып отыру мәкрух болады. Үзірмен, қателікпен, байқамай аяқ созу мәкрух болмайды. (Рәддул-мухтар)
Адамдармен отырғанда адамға қарап отыру керек. Өйткені намаздың сыртында мүминге қарап отыру Қағбаға қарап отырудан абзал. Хадис шәрифте былай делінеді: «Әй Қағба, әй Бәйтуллаһ! Сені Аллаһ мәртебелі, қадірлі, ұлы қылды, бірақ мүмин құрмет тұрғысынан сенен де қадірлі.» (Табарани)
Адамдардың алдында, әсіресе үлкендердің алдында аяқты созып отыру, аяқты айқастырып отыру әдепке жат қылық. Расулуллаһ алейһиссалам тіпті қызының жанында да аяғын созып отырған емес. Мамандар аяқты айқастырып отыру, яғни бір аяқты екінші аяқтың үстіне шығарып отыру қан айналымына кедергі келтіретіндігін және мұның соңы варикоз дертіне шалдықтыратын айтуда
Зеректік жұмбағы...
Шынжыр
Темір ұстасына әр қайсысы үш алқадан тұратын бес шынжыр беріледі. Бұларды бір тұтас қылып біріктіруін айтады. Темірші төрт алқаны ашу арқылы бес бөлікті біріктіруді ұйғарады. Қалай ойлайсыздар одан да аз алқаны ашу арқылы бір тұтас қылып біріктіруге бола ма? (Жауабы ертең...)