Untitled Document

Денсаулық... Мамандардан кеңес

Күн қатты ыситын жаз айлары уланудан сақтануға мұқият болуды қажет ететін мезгіл. Ыстық күндері қате дағды немесе немқұрайлық салдарында азықтардың бұзылу қаупі артады, микробтар жылдам көбейеді. Бұл азықтан улануға әкеп соғады. Осындай келеңсіз жағдайдың алдын алу тұрғысында мамандардан біршама кеңестер:

● Көшеде, ашық жағдайда сатылатын азықтарды тұтынудан аулақ болу, ет, сүт, балық, жұмыртқа секілді тез бұзылатын азықтарды жылы жайларда көп ұстамау керек.

● Жеміс-жидектерді тұтынудан алдын жақсылап жуу керек.

● Шикі және піскен азықтар бір-біріне тимейтіндей етіп, беті жабық күйде сақтау қажет. 

● Тағамдар мүмкіндігінше күндік дайындалып, бір реттен артық ысытпауға тырысу керек.     

● Қорабы, ыдысы зақымдалған, әсіресе темір құтылардағы азықтарды алғанда, майысқан, беті ісінген азықтарды алмаған жөн.

● Азықтарды аларда құрамын оқып, сақтау мерзіміне мұқият болу керек.

● Азықтарды сақтау шарттарына мұқият болу керек, жалпылама ылғалсыз құрғақ ортада сақтау, тоңазытқышқа салынатын заттарды уақытылы тоңазытқышқа салу керек. 

● Азықты дайындайтын кезде гигиенаға мән беру керек.

● Тоңдырылған өнімдерді аларда ішінде немесе астыңғы бөлігінде мұз кристалдарының болмауына мән берген жөн.

● Пластикалық ыдысдарда сатылатын өнімдердің күн астында ұзақ қалмауына мән берген жөн.

● Ас бөлмеде қолданылатын губка, тряпкаларды қолданып болған соң дезинфекциядан өткізу, ылғалды ортада қалдырмау керек.

● Шикі ет туралған тақтайды піскен азықтарда қолданбау керек. Қолдануға мәжбүр жағдайда жақсылап жуып қолдану қажет.