Untitled Document

Бала тәрбиесі... Сенімділік - жетістіктің бастауы (1)

Баланы өзіне деген сенімділігі жоғары тұлға етіп өсіру керек. Сонда кез келген қиыншылыққа төзе білетін, жығылғанда аяғына тік тұра алатын болады. Бала өзіне сенімділікті алдымен отбасынан үйренеді. Сондықтан отбасылар баласының қандай болып өсуін қаласа, сол бағытта қарым-қатынас жасауы керек. Ата-ана тым қорғаштағыш, тым қатал, қысым түсіргіш немесе барлық нәрседе тым мінсіздікті ұстанатын болса баланың өзіне сенімсіз болу ықтималдығы жоғары болмақ. Тым қорғаштағыш отбасылар баласының өз басымен ешнәрсе істей алмайтындығын, дұрыс шешім қабылдай алмайтындығын ойлайды және әр қадамын қадағалап отырады. Мұндай мәміле балада «менің қолымнан келмейді» деген сезімді арттырады. Өздері бір сәтке пайда болған сенімділікпен бірдеңе істей бастағанында отбасы тарапынан тоқтатылып, «олай істеме, сындырасың, істей алмайсың, бұзасың» деген сияқты сөздермен сенімділігі сарқылған бала әлеуметтік икемі төмен, көпшілік алдында сөйлеуден қашатын, өзін қыса беретін, ақырын дауыспен сөйлейтін, тұйық, ынжық мінезді бола бастайды. Сұрақтарға бір-екі ауыз сөзбен жауап қайтарады. Сөйлеп жатқанда екі жағына тербеліп тұратын, қолдарын артықша  әрекет еттіріп, сөйлеп тұрған адамның жүзіне емес, жерге, басқа жақтарға қарайтын балалар жетіле алмаған, қорқақ, өзіне сенімсіз тұлға болуға үміткер деуге болады. Мұндай адамдар қоғамға сіңісе алмау, жалғыздық шегу секілді психологиялық келеңсіздіктерге тап болуы мүмкін.  (Жалғасы ертең...)