Untitled Document

Жалғасы... Табысың күмәнді екен (2)

Өзіне ақша берген адамды алдынан көрген әлгі кісі кекештеніп былай дейді: «Жеті күн болды бала-шағамызбен аштықтың зардабын тартудамыз. Әйелім екеуміз сабыр етерміз, бірақ бала-шаға шыдай алмай шырылдап кетті. Тіленіп, алақан жаюға қолым бармады. Өстіп шарасыз келе жатқанымда өлі кекілікті тауып алдым. Зәру жағдай болғандықтан осыны жей тұрайық деп үйге алып бара жатқан болатынмын. Ішімнен “Йа Раббым өзің кешіре гөр” деп жалбарынып келе жатқан едім, алдымнан сіз шыға келдіңіз. Мен Аллаһқа шүкір еттім де, жеуге жарамсыз өлі құсты қоқысқа тастадым. Енді базарға барып берген ақшаңызбен азық аламын.»

Болған жағдайларды ойға салып, ұстазына келгенінде, әлі шәкірт ештеңе айтпай тұрып Әбу Аббас хазреттері: «Балам, демек сен табысыңа күмәнді немесе харам нәрсе араласқанына мән бермеген көрінесің. Осы себепті таңдап, саралап жүріп берген зекетің шарапқа кетті. Ал табыс қалай, қандай жолмен келсе, солай кетеді. Сенің бір қалта алтыныңа қарағанда, менің бір ғана ақшам салих бір адамның қолына түсуінің хикметі халал жолмен келуі себепті. Табысың күмәнді екен...» 

Зеректік жұмбағы... Көл бетіндегі өсімдік

Көлдің бетінде кең жапырақ жаятын ғажайып өсімдік пайда болды. Бұл өсімдік күнде екіге бөлінеді де сол екі бөлік бұрынғы қалпынша қайта үлкейе түседі. Осылайша көбейе келе 30 күнде көлдің бетін толық жауып қаптап алды. Егер бастапқыда осындай өсімдіктен 2 дана болғанда көлдің бетін толығымен қанша күнде қаптар еді? (Жауабы ертең...)