Ғибрат... Табысың күмәнді екен (1)
Әбу Аббас Нихавенди хазреттеріне саудамен айналысатын бай шәкірттерінің бірі келіп, зекетін кімге берсе дұрыс болатынын сұрайды. Әбу Аббас хазреттері: «Көңілің кімге бергісі келсе соған бер!» дейді. Алған жауабынан кейін сыртқа шыққан шәкірті біршама жүргеннен кейін жол бойында қайыр тілеп отырған соқыр кісіні көреді. Оның халіне жаны ашып зекеті болып табылатын бір қалта алтынды оған берді. Алтындарды қолымен тінтіп шыққан соқыр кісі қуанып ол жерден дереу ұзап кетті. Ертеңіне дәл сол жерден өтіп келе жатып, кешегі соқыр кісінің басқа бір қайыршымен сөйлесіп отырғанын көреді. «Кеше бір байбатша келіп маған бір дорба алтын беріп кетті. Соның арқасында шарапханаға барып жақсылап тойлаттым» деп айтып жатқанын құлағы шалып қалады. Мұны естіген шәкірттің көңілі қалады. Әбу Аббас хазреттеріне барып болған жағдайды айтпақшы болып оқтала бергенінде Әбу Аббас хазреттері біраз бұрын сатылған бас киімнің ақшасын қолына ұстатып: «Мына ақшаны ал да алдыңнан бірінші шыққан адамға бер» дейді. Шәкірті ойындағын айта алмастан айтылған міндетті орындау үшін шығып кетеді. Ұстазы айтқанындай алдына алғаш кезіккен адамға ақшаны береді. Бірақ ішін жеп тұрған қызығушылықпен әлгі кісіні алыстан бақылап аңдып жүреді. Ол кісі қаланың сыртқы жағына келіп қойнынан өлі кекілікті шығарып қоқысқа тастайды. Әрі қарай кетіп бара жатқанында шәкірт алдынан шығып: «Әй бауырым, Аллаһ үшін айтшы бұл не жағдай, мына тастаған өлі құсың не?» дейді. (Жалғасы ертең...)