Untitled Document

Сұхбат... Нәпсі - дұшпан

Нәпіс (нәфс) – адаммен жында жамандықтың көзі ретінде, дінге қайшы келетін жаман қалаулардың көзі, негізі ретінде жаратылған. Ақыл – адамның миы арқылы сезім мүшелерінен, шайтаннан және нәпістен жүрекке (көңілге) келетін қалауларды зерттеп жақсыларын жамандарынан ажырататын қуат. Ажыратқанда жаңылыспайтын болса бұған “сәлим ақыл” делінеді. Сонымен қатар Аллаһу та’ала пайғамбарлар жіберіп, қай нәрсенің пайдалы, жақсы екенін және қай нәрсенің зиянды екенін және де нәпістің бүкіл қалауларының жаман екенін білдірді.

Дініміз жамандықтардың ордасы болған нәпістің өлтірілуін, жойылуын емес оған мойынсұнудан, оның айтқандарын орындаудан бізді тиюда. Аллаһу та’ала Құран кәрімде Назиат сүресінің қырығыншы аяти кәримасында «Хақ та’аладан қорқып, нәпсінің (дінге қайшы) нәфсани қалауларынан өзін тыйған адамның барар жері міндетті түрде жаннат» деген. Хадис шәрифте: «Ақылдылықтың белгісі нәпсісіне ие болып, одан басым түсіп және өлгеннен кейін керек болғандарды дайындау. Ақымақтықтың белгісі нәпсіге беріліп Аллаһтан кешірім және мейірім күту» делінген. (Бәриқа)

Хазреті Әбу Бәкір Тамистани «Нәпіске берілуден құтылу дүние ниғметтерінен ең үлкені. Өйткені нәпіс Аллаһу та’аламен құлы арасындағы перделердің ең үлкені» деген. Нәпіс ешкімнің қоластында, әмірлігінде болуды ұнатпайды. Сондықтан ғибадат жасауды қаламайды. Нәпістің азығы қарсы шығу, қырсығу, яғни күнә істеу, харамдар болғандықтан күнәлардан сақтану оған өте ауыр тиеді. Хазреті Имам Раббани «Нәпсіге күнәлардан қашу, ғибадат жасаудан да ауыр келеді. Сондықтан күнәдан қашуың өте сауапты болады» деген. Әли Хафыз атаның айтқанындай: «Нәпсі - дұшпан. Дұшпан сөзімен амал ету ақылды адамның ісі емес.»