Untitled Document

Жалғасы... Әлмерек батырдың батасы (3)

Шал мен кемпір бастарын изесіп, кінәларын мойындаған адамдарша жапырылады. Балалары да көздері жаудырап, тәтті үмітпен жақсы тілеу күтеді. Әлмерек енді балалар жаққа бұрылады: – Сендер де өздеріңе тиесілі балалық борыштарыңды бұлтақсыз, адал орындаңдар! Мына сөзді естеріңнен шығармаңдар: – Ұлдың жақсы болғаны – өмір ізі, Ұлдың жаман болғаны – көңіл сызы. Келін жақсы болғаны – келген дәулет, Келін жаман болғаны – бітпес бейнет. Қыздың жақсы болғаны – нұры тамғаны, Қыздың жаман болғаны – қырсық шалғаны... – Ата, адам баласына жақсылық тілеуші әулие екенсіз, тәліміңізді бұлжытпай ұстанамыз,– деп шалдың балалары да уәде береді. Содан бастап бұл үйдің адамдары бірін-бірі елжірей сыйлап, үлкенінің айтқанын кішісі екі айтқызбай орындауды әдет етеді. Өзара сөздері де сыпайы, көзқарастары да мейірімді. Маңайдағы ел де енді бұларды үлгі тұтатын болыпты.

Күлімдейік...

Автобус

Автобусқа отырған бір оқушы кондуктордан екі билет сатып алады. Кондуктор одан: «Балақай неге екі билет алдың?» деп сұрайды. Оқушы: «Біреуін жоғалтып алсам, екіншісін көрсетемін» - деп жауап береді. Кондуктор: «Ал екіншісін жоғалтып алсаң ше?» дегенінде бала: «Онда менде проездной бар» деп қалтасынан бір айға арналған жол жүру билетін көрсеткен екен.