Untitled Document

Сұхбат... Күлімдеу – шығынсыз келетін олжа

● Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.

● Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.

● Күлімдеу: өздігінен берілмейінше, ешкімнің кәдесіне жарамайды.

● Күлімдеу: аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады.

● Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді.

● Күлімдеу: берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние.

● Күлімдеу: сатып алынбайды, өтініп, сұрап алынбайды.

● Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.

● Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз.

● Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді.

● Күлімдеу: өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті.

● Күлімдеу: сол сәтті нұрландыру деген сөз.

● Күлімдеу: өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз.

● Күлімдеу: бақытты және рахат өмір сүрудің кілті.

● Күлімдеу: көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір.

● Күлімдеу: ең арзан және ең қадірлі сыйлық.

● Күлімдеу: адамның рухында ашылған гүлдердің айналамызға сүйіспеншілікпен берілуі.

● Екі адам арасындағы ең қысқа байланыс – күлімдеу.

● Шаршаған адамның мауқымын басады, үмітсізге шаттық сыйлайды.

● Кейбір адамдар күлімдей алмайды. Ондайларға сіз күлімдеңіз.

● Күлімдеудің ешқандай материалдық шығыны және физикалық ауыртпалығы жоқ. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі.