Untitled Document

Сұхбат... Имам Ағзамның өсиеті

Имам Ағзам хазреттерінің соңғы өсиетінде қалай иман ету жөнінде «Риядун-насихин» кітабында былай делінеді:

1) Иман – тілмен айту, жүрекпен растау болып табылады. Иманда азаю көбею болмайды. Тек қуатында көбею болады. Амал иманның бөлшегі емес. Иман барлық адамдар үшін қажет болғанымен, барлық амал барлық адам үшін қажет емес. Мәселен, нисап (байлық) мөлшеріне жетпеген кедей адам зекет бермейді. Хайыз және нифас халіндегі әйел намаз оқымайды. Жақсылық та, жамандық та Аллаһу та’аладан келеді.

2) Амалдар парыз, сауап және күнә болып үшке бөлінеді.     

3) «Аллаһу та’ала Аршқа истиуа етті» дегеніміз, Аршта отыр деген мағынаға келмейді. Арш кейіннен жаратылған. Хақ та’аланың Аршқа қажеттілігі жоқ.

4) Аллаһу та’аланың кәламы (сөзі) Құран кәрім махлұқ емес.
5) Сахабалардың ең үстемдері төрт халифа. Сахабаларды жақсы көретін мүминдер тақуа, ал оларға дұшпандық ететіндер мұнафық және шақи.

6) Құлдардың жасаған істері махлұқ. Өйткені құлдың өзі махлұқ.

7) Жаратушы және ризық беруші Аллаһу та’ала. Адамдар мүмин, кәпір және мұнафық болып үшке бөлінеді. Хақ та’ала мүминге ғибадатты, кәпірге иманды, мұнафыққа ықыласты парыз еткен.

8) Мәсінің үстіне мәсіх тарту жайыз (рұқсат).

9) Қабір сұрағы хақ. Жәннат пен тозақ мәңгілік.

10) Аллаһу та’ала бүкіл жаратылысты өлген соң қайта тірілтеді. Жәннаттағылар қалай екендігі белгісіз түрде, ештеңеге ұқсамайтын және тарапсыз түрде Аллаһу та’аланы көреді. Пайғамбарымыздың шапағаты хақ. Күнәсі бар бүкіл мүминдерге шапағат етеді. Хазреті Айша хазреті Хадишадан кейін бүкіл әйелдердің ең үстемі және мүминдердің анасы.