Untitled Document

Дұғалар... Истиғфар дұғасы

Хадис шәрифте: «Әр намаздан кейін 3 рет “Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл хайял қайюма уа әтубу иләйһ” дұғасын оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі»,- делінген.

Тағы бір хадис шәрифте: «Истиғфарды айтып жүрген, көп оқыған адамды Аллаһу та’ала бәлелерден, қиыншылықтардан құтқарады. Оны ойламаған жерден ризықтарға қауыштырады»,- делінген.

Дерт пен қиыншылықтардан, бәлелерден арылу үшін үнемі истиғфар айтып жүру өте пайдалы. Истиғфарлардың мәшһүр болғаны пайғамбарымыздың білдірген мына истиғфар: «Әстағфируллаһәлләзи ла илаһа илла һууәррахманурраһим әл хайюл қаййумулләзи лә йәмуту уә әтубу иләйһ Раббиғфир ли.»  

Бұл истиғфарды 25 рет оқыған адамның бөлмесінде, отбасында, үйінде және қаласында қаза, бәле болмайды. Мұны азанда және кешке оқу керек. Ғалымдардың көбісі шәкірттеріне және бала-шағаларына осы дұғаны оқуларына кеңес берген. Пайдасы көп көрілген.

Күнде кем дегенде 100 рет «Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл хайял қайюма уа әтубу иләйһ.» дұғасын оқу өте пайдалы.

Үнемі және барлық жерде, намаздардан кейін және жатар алдында мағыналарын түсініп, көп мәрте «Әстағфируллаһ мин кулли ма кәрикаллаһ» (мағынасы: Аллаһым! Өзің разы болмаған, тыйым салған барлық нәрселерің үшін тәубе еттім) немесе қысқаша «Әстағфируллаһ» деп айту керек.  

(Истиғафар: Аллаһу та’аладан кешірім тілеу, Алллаһу та’аладан кемшіліктері мен күнәларының кешірілуін тілеу, тәубе ету деген сөз.  

Тәубе ету: Жасалған күнәға өкіну, қайта істемеуге шешім қабылдау, Аллаһу та’аладан қорқу деген сөз)