Untitled Document

Қасиетті үш ай басталды

Қасиетті үш айдың ішіндегі ражаб (ережеп) айы ертең басталады. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен ниғмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, шабан айы егінді сулау, ал рамазан болса, жемісті жинау айы». Ражаб айы кешірім, шабан айы шапағат және рамазан айы сауаптардың еселеніп берілетін ай екендігі көрсетілген. Бұл айларды құрметтеу керек. Ал құрметтеу – күнәлардан алыс тұру және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның сауабын, сияпатын алады. Осы қасиетті уақыттарда уәде етілген сауаптарды алу үшін ең алдымен сенімді түзеу керек. Ғылымхал ілімдерін үйрену керек, соларға сай өмір сүру керек. Көп тәубе жасап, кешірім сұрау керек. Қаза намаздарды оқу, тезірек қарыздардан құтылуға тырысу керек.

Рағаиб түні

Бүгінгі түн, ражаб айының алғашқы жұма түні, яғни бейсенбіден жұмаға қараған түні – рағаиб түні. Бұл түні Аллаһу та’ала мүмін құлдарына жақсылықтар жасайды. Бұл түні жасалған дұға қайтарылмайды және намаз, ораза, садақа сияқты ғибадаттарға бірнеше еселеніп сауап жазылады. Бұл түнді құрметтегендер кешіріледі. Ражаб айының барлық түні жұма түніндей қадірлі. Осы екі қасиетті түн біріккен кезде одан да қадірлі болады. Хадистерде былай делінеді:

«Ражаб айының алғашқы жұма түні құлшылық қылған адамды Аллаһу та’ала қабір азабынан құтқарады. Дұғаларын қабыл етеді. Тек 7 түрлі адамды кешірмейді және дұғаларын қабылдамайды: Өсімге ақша берген және алған адам, мұсылмандарды төмен санаған адам, ата-анасына қарсы келген бала, мұсылман және діннің бұйрықтарына бағынатын күйеуін тыңдамайтын әйел, өлең айтып, сазды аспаптар шалатын адам, зинақорлық жасайтын адам, бес уақыт намаз оқымайтын адам». (Бұлар бұл күнәлардан бас тартпайынша, тәубе етпейінше дұғалары қабыл болмайды. Анасының, әкесінің, күйеуінің, ешқандай адамның дінге қайшы бұйрықтарын тыңдауға, орындауға болмайды).