Untitled Document

Денсаулық... Қақалған жағдайда

Қақалып қалған жағдайда, жаныңызда ешкім жоқ болса, өзіңізге қалай көмектесу керегін біле жүрген абзал: 

- Барынша қатты жөтелуге тырысыңыз: Бұл біздің негізгі табиғи қорғанысымыз. Жөтелді күшейту үшін бүгілуге болады. Мұндай кезде құрсақ бұлшықеті көмектеседі.

- Қатты енсіз затты қолданыңыз. Бұл орындықтың арқалығы (дөңгелекті орындық емес), ваннаның жақтауы сияқты заттар болуы мүмкін. Ең бастысы асылып тұра алатындай болуыңыз керек. Ішіңіздің жоғарғы жағы таңдаған затыңыздың қатты жақтауына тіреліп тұратындай еңкейіңіз. Аяғыңызды бос ұстап, әлгі затқа тез асыла кетіңіз. Ішке түскен қысым диафрагма арқылы өкпеге беріледі. Бұл бөгде затты сыртқа итеріп шығаруға мүмкіндік береді.

- Геймлих әдісін қолданыңыз. Бір қолыңыздың жұдырығын түйіңіз. Жұдырығыңыздың бас бармағын кіндігіңізден 2-3 сантиметр жоғары ішіңізге тіреп тұрыңыз. Жұдырықты екінші қолыңызбен қысып ұстап, бармағыңызбен ішіңізді және жоғары бағыттап бес рет қатты-қатты қысып жіберіңіз. Жалпылама Геймлих әдісін жанындағы адамның жасағаны жақсы нәтиже береді. 

- Еденге құлап түсіңіз. Тізерлеп тұрып, қолыңызбен еденге сүйеніңіз. Қолыңызды екі жаққа тез жайып жіберіңіз де, кеудеңізбен еденге құлап түсіңіз. Соққы өкпедегі қысымды арттырып, бөгде зат тыныс алу жолдарынан сыртқа ұшып шығуы мүмкін.  

Шашалып қалмау үшін қалай тамақтану керек: Асты аздан тістеп, әбден шайнаңыз. Мұндай жағдайда шашалып қалу қаупі айтарлықтай төмендейді. Жаныңызда тамақтан соң ішу үшін шырын, сүт, салқын шай сияқты сусындар болсын. Жүріп бара жатып тамақтанбаған жөн. Дәмді тағамды асықпай дәмін алып жеу — өзіңізді жайсыз жағдайдан қорғаудың жақсы әдісі.