Untitled Document

Жалғасы... Өзіңді тәртіпке салу (2)

Жоспарлау – табыс кепілі. Бір жылды 12 аптадан тұратын 4 бөлікке бөлген дұрыс. Әр бөлікке мақсат қоя білу керек. Соған сүйене отырып, апталық, күнделікті мақсат болу қажет. Әрі қарай тіпті оңай: күнделікті тізім құрып қойып, сол бойынша әрекет жасау ғана. Уақыт өте күнделікті жасалған жұмыстарың үлкен нәтиже беретін болады. Талаптарды дұрыс қоя білу қажет. Бірінші маңызды және шұғыл жұмыс, одан кейін маңызды бірақ онша шұғыл емес, содан кейін маңызды да және шұғыл да емес жұмыстарды артынан орындаса болады.

Өз күшіңді дұрыс шамалау керек. Көптеген адамдар, өздерін тәртіпке шақырғанда, уақыт кестесін тым қатты нығыздап тастайды. Нәтижесінде, кейбір жұмыстарға уақыт жетпей жатса, өздеріне кінә артып жегідей жей бастайды «Мен кесте бойынша өмір сүре алмаймын, қолымнан келмейді». Жоқ, олай емес. Қапаланбаңыз. Одан да тізімдегі жұмысқа көбірек уақыт бөліңіз. Әр жұмысқа 15 минут артығымен қосып қойыңыз. Сол кезде қатты шаршамайсыз, жоспарлау да көңіліңізден шығып өзіне тартып тұрады.

Демалыс - жемісті жұмысқа жетелейді. Тек еңбекті ғана емес, демалысты да жоспарлау қажет. Түскі ас, үзіліс, көз жаттығулары, серуендеу – бәрі де кестеде жұмыспен қатар көрсетілуі қажет. Қалжырап, шаршаған адамның жұмыс нәтижесі де төмендейді. Осыны естен шығармай, арасында демалу да қажет.

Әрине, кейде біз жоспарлағандай бола бермейді. Мұндай жағдайда жұмыс кестесін түгелдей жоймай, атқарылмай қалған жұмысқа басқа күні уақыт бөлу қажет.