Кәсіпкерлік... Өзіңді тәртіпке салу (1)
Таңертең төсектен кеш тұру немесе көңілімізге жақпайтын іспен айналысу, я болмаса сансыз көп кездесулерге уақытынан кешікпей бара алмау – тәртіптің жоқтығынан. Тәртіптің жоқтығы тек жеке өмірімізде ғана емес, жұмыста, бизнесте, достармен қарым-қатынаста да кедергі болып, өзімізге деген сенімділікті жоя бастайды. Өзімізді қалай тәртіпке шақырсақ болады?
Әдет қалыптастыру керек. Саналы түрде бір нәрсе жасауға дағдылану: 15 минут кітап оқу, таңертең жаттығу жасау немесе алдағы жұмысыңа жоспар құру. Бұл «Алынбайтын қамал жоқ» дегенге адамның ойын сендіреді және жаңа бастамаларға жақсы түрткі болады.
Жасаған қателігіңнен сабақ алу - бекер істемедім деп өкінгеннен жақсырақ. (Бекер істемедім дегенше, бекер істедім деген жақсырақ)
Табысқа жетуге жалқаулық жиі бөгет болып жатады. Басыңа екі кішкентай адам мініп алып айтысып жатқандай. Біріншісі «Бұл маңызды іс, міндетті түрде орындау керек!» десе, екіншісі «Не қажеті бар? Қайтесің? Ертеңге қалдыра сал, аспан айналып жерге түсе қоймас» деп кері тартады. Әрине, ештеңе болмайды. Бүгін, ертең, арғы күні, тіпті бір айдан соң да ештеңе өзгермейді, дәл бүгінгі күнің сияқты өтеді де кетеді. Ал, бала күнгі арманың ше? Жарқын болашақ туралы армандарың қайда қалды? Адам өзін-өзі қолға алмайынша, маңызды істерді орындамайынша (аса қатты маңызды іс болмаса да), армандаған жарқын болашағы қиял болып қала бермек. Сондықтан да, сағыздай соза бермей, істі дәл қазір орындау керек.
(Жалғасы ертең...)