Сұхбат... Дәреттің маңызы
Ислам дінінің әрбір әмірі мен тыйымдарында көптеген пайда бар. Мәселен ғұсыл, дәрет пен тахарат тазалық деген сөз. Гигиеналық тұрғыдан дененің саулығына пайдалы болғанындай, рухани тұрғыдан көңіл саулығы мен тыныштығының нышаны. Намаз - Аллаһу та’аланың құзырына шығу деген сөз. Аллаһу та’аланың құзырына шыққанда көңілдің жай тауып, рухани тыныштыққа кенелері анық. Рухани саулықтың мықты болуы тағы да сол денсаулықтың мықты болуының нышаны. Ақылы, білімі барлардың бәрі мұны біледі. Дәреттің көңілге қуат беретінін бұрынғы шіркеу поптары да білетін. Имам Жафар Садық хазреттері бір попқа насихат айтпақ болып, есігін қағады. Есік кеш ашылады. Жафар Садық хазреттері: «Неге есікті кеш аштың?» деп сұрайды. Поп оған: «Есік саңылауынан сені көргенімде жүрегімде үрей пайда болды. Сенің айбатты келбетіңді көріп қатты қорықтым. Тауратта қандай да бір нәрседен немесе қандай да бір адамнан қорыққан жағдайда дәрет алу керектігі, ал дәрет адамды зияннан қорғайтыны жазылған», деп жауап береді. Жафар Садық хазретерінің насихатынан соң, поп мұсылмандықты қабылдады. Дәреттің берекесімен көңілі тазарып, шынайы бақыт жолын таба білді.
Дәретті Аллаһу та’аланың әмірі болғандықтан, Аллаһ разылығы үшін орындаған адам дүниеде өткіншіл пайдаларын көрумен қатар ахиретте шексіз ниғметтерге қауышады. Хадис шәрифте былай делінді: «Мүмин дәрет үшін бетін жуған кезде көзімен жасаған күнәларының барлығы сумен бірге төгіледі. Қолдарын жуған кезде, қолдарымен істеген күнәлары су тамшыларымен бірге төгіледі. Аяқтарын жуған кезде, аяқтарымен істеген күнәлары сумен төгіледі. Осылайша барлық (кіші) күнәлардан тазаланған болады.» (Мүслим)