Untitled Document

Өлең... Жамандама ешкімді

Жамандаман ешкімді ешқашан да,

Иттігін мейлі он жерден еске алсам да!

Аузыма тастар салып алсам ба екен,

Достармен, бауырлармен бас қосарда?

 

Бұл тілді кесеміз бе не қылайық,

Біреуге отырғаным тағып айып.

Ұмытам өз мінімді көрінгенде,

Басқаның кемшілігі бадырайып.

 

Қылыш тіл қынға симай қылпылдаған,

Қынжылыс әкелерсің бір күн маған.

Қазаға тап болғанда шыбын жаным,

Қазанға түсіп кетсем бұрқылдаған.

 

Жамандаман ешкімді ешқашан да,

Иттігін мейлі он жерден еске алсам да!

Тіліме тізгін салып алсам ба екен,

Достармен, бауырлармен бас қосқанда!

С. Қалиев

Күлімдейік...

Профессор

Дәрісханада бақылау жұмысы өтіп жатады. Кезекті бір студент жұмысын тапсырғалы тұрғанда оның қобалжып, абыржыған түрін көрген профессор: «Сіз неге соншама абыржып тұрсыз? Менің сұрақтарымнан қорқасыз ба?»- деп сұраса, студент: «Жоқ, мен өзімнің жауаптарымнан қорқып тұрмын»,-депті.