Ғұлама... Ибраһим бин Әдхам
Ибраһим бин Әдхам хазреттері Бәлһ патшасының немесе қызының ұлы. Әкесінің аты Әдхәм. Хазреті Омар әл-Фаруқтың тегінен. Шамда Чәштийа әулиелерінің ұлыларынан. 779 жылы қайтыс болған. Ибраһим Әдхам хазреттерінің айтқан ұлағатты сөздері:
● Адамдар дүниелік істермен әуре кезде, сендер ахирет істерімен шұғылданыңдар!»
● Рия, тәкаппарлық, ужб және хасед секілді жаман әдеттерден тыйыла алмағандар ғибадаттарын текке шығарады.
● Адамдар сырт көрінісін сәндеуге талпынып жатқанда, сендер ішкі дүниелеріңді көркемдеуге тырысыңдар!
● Адамдар үйлерін толықтыруға талпынып жатқанда, сендер қабірлеріңді толықтыруға тырысыңдар. Кей адамдарға таң қаламын, тастап кететіні сөзсіз болған осы дүниеге қатты мән береді. Ал барып мәңгілік қалатыны сөзсіз болған ахиретті есепке алмайды.
Адамдардың көбі өзгелердің айыбын іздеп жүреді. Сендер өз айыптарыңмен әуре болыңдар!
● Арғы дүниеде таразыда ең ауыр басатын амал, мұнда жасалуы денеге ең қиын болғаны.
● Ілімді онымен амал ету үшін үйреніңдер! Көп адам осы жерде жаңылысты. Ілімдері таудай үлкейгенімен амалдары тарыдай кішірейді.
● Азығын халал жолмен қамтамасыз ету үшін еңбек ету, түндері ғибадат етіп, күндіздері ораза тұтудан абзал. Өйткені барлық нәрсенің басы халал азық.
● Қарызы бар адам қарызын төлемейінше майлы және сіркелі тағам жемеуі тиіс. (Яғни қарызды дереу қайтарудың маңыздылығын, қарызды қайтарғанға дейін қымбат тағамдар мен сәнді салтанатты өмірден алыстауды білдіруде.)