Untitled Document

Ғибрат... Өсек

Бір ауылда көп сөз таситын, адамдарды шағыстырып жүретін өсекші бір адам бар екен. Ауылдың молдасына барып, «Мен істегендеріме өкіндім, тәубе еттім. Кешірілемін бе екен?» деп сұрайды. Молда оған «Сен ертең ауылдың орталық алаңына кел, сол жақта көрерсің. Бірақ келеріңде құс қауырсынды жастық ала кел» дейді. Ертеңіне бұл адам жастығын қолтықтап, ауылдың орталық алаңына келеді. Бүкіл халық сол жерде екен. Молда қалтасында алып келген қайшысымен жастықты қырқа бастағанда, ішіндегі құс қауырсындары желмен жан-жаққа шашыла бастайды. Молда «Енді барлық қауырсындарды жина, сонда ғана кешірілесің» дейді, бірақ бұл мүмкін бе?! Әлгі адам «Ұстаз, ұшып, тарап кетті ғой, қалай жинаймын?» дейді. Әрине барлық жұрт «Бұл істің хикметі не екен?» деп таңырқап күтіп тұрғанда молда: «Міне, осы қауырсындарды бір-бірден жинауың қажет болғанындай, кімнің сөзін тасыған болсаң, кімнің ақысын жеген болсаң, олардың бәрімен жеке-жеке халалдасуың (кешірімін, разылығын алуың) керек» дейді.

Сұхбат...

Төрт мың хадис шәриф

Әбу Бәкір Шибли хазреттері былай деген: «Мен төрт жүз ұстаздан дәріс алдым. Олардан төрт мың хадис шәриф үйрендім. Бүкіл осы хадис шәрифтердің ішінен бірін таңдап соған мойынсұндым. Өйткені құтылуды және мәңгілік бақытты осы хадистен таптым және айтылатын бүкіл насихаттарды осы хадистің ішінен көрдім. Таңдаған хадис шәрифім мынау: «Дүние үшін дүниеде қалатыныңдай мөлшерде еңбек ет. Аллаһу та’алаға мұқтаж болғаныңдай дәрежеде мойынсұн! Жәһаннамға шыдай алатыныңдай мөлшерде күнә істе!»