Untitled Document

Сұхбат... Жақсылық жасасаң жақсылық көресің!

Адамдарға жасалған жақсылықтар ахирет азаптарынан құтылуға және жәннат ниғметтерінің артуына себеп болады. Сүйікті пайғамбарымыз айтқан: «Аллаһу та'аланың ең сүйікті құлы – Оның ниғметтерін құлдарына жетуіне себепші болған адам.»

Жақсы мұсылман жақсылық жасамақшы немесе садақа бермекші болса, мұны жасырын түрде істейді. Жақсылық жасаған немесе садақа берген адамын ренжітпейді. Көңілін қалдырмай, жақсылығын міндетсінбей жасайды. Аллаһу та'ала осылай жасау керектігін Құран кәрімде көптеген жерлерде әмір етуде.

Қияметте азаптардан құтылудың екі үлкен негізі, яғни екі жолы бар: Біріншісі, Аллаһу та'аланың әмірлерін маңызды санау, құрмет көрсету. Екіншісі, Аллаһу та'аланың құлдарына, жаратқандарына қамқорлық, жақсылық жасау. Діни үкімдерді құрметтеу маңызды болғаны сияқты, бұларға мән бермеу, құрметсіздік ету, мазақ ету, аяқ асты ету де өте қауіпті. Адамдарға мейірімділік ету, жақсылық ету маңызды болғанындай, оларға жапа шектірудің де зардабы мен есебі өте үлкен.

Раббымыздың құлдарына қызмет ету арқылы дүние мен ахиретте ниғметтерге қауышатынымызды ойлауымыз қажет. Хадис шәрифте былай делінеді: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Олар бір-бірін ренжітпейді. Кімде-кім дін бауырының бір жұмысына көмектессе, Аллаһу та'ала да оның жұмысын жеңілдетеді. Кімде-кім бір мұсылманның басына түскен қиыншылығын шешіп беріп, оны қуантса, қиямет күнінің ең қиын кездерінде Аллаһу та'ала оны қиыншылықтан құтқарады. Кімде-кім бір мұсылманның кемшілігін, мінін жасырса, Аллаһу та'ала қиямет күні оның кемшіліктерін, қателіктерін жабады.»

Мына үш күндік дүние өмірінде Аллаһу та'аланың разы болатын амалдарын орындауға тырысу керек. Оның құлдарына сый-сияпат көрсету, жақсылық жасау қажет.