Күннің тарихы ... Хазреті Әлидің қайтыс болуы
Хазреті Әли Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уасаллам” әкесінің ағасы Абу Талибтің ұлы еді. Ислам халифаларының және жәннатпен сүйіншіленген 10 адамның төртіншісі. Хижрадан 23 жыл бұрын Меккеде туылды. 10 жасында иман етті. Бүкіл соғыстарда қаһармандық танытты. Тек Ухуд соғысында 16 жерінен жарақат алған болатын. Хижри 35 жылы Зүлхиджа айында халифа болды. 40 жылы Рамазан айының 17-сі жұма күні таң намазына бара жатып, Абдуррахман Ибн Мулжам атты харижит сектасының өкілі тарапынан кеудесіне қылыш ұрып шәһит етілді. (24 қаңтар 661) Қабірі Куфада Наджаф деген жерде.
Пайғамбарымыздың күйеу баласы. Әһли бәйттің біріншісі. Жүзі бидай түсті, ұзын мойынды, жарқын шырайлы, ірі және қара көзді, жалпақ кеуделі, ірі денелі еді. Сақалы қалың еді. Соңғы күндерінде шашы мен сақалы қардай ағарған болатын.
Төрт халифаның үстемдіктері халифалық реті бойынша. Бір ретінде хазреті Әли халифа кезінде жиналған халыққа былай дейді: «Әбу Бәкір және Омар радиаллаһу анһума бұл үмметтің ең үстемдері.»
Хазреті Омардың халифалығы заманында өте көп жерлер жаулап алынады. Бұлардың ішінде Иран жеңісінде Шах Йаздижардтың 3 қызы да тұтқындар ішінде еді. Хазреті Омар, хазреті Әлиден: «Бұл тұтқын қыздарды не істейміз?» деп сұрады. Хазреті Әли: “Пайғамбарымыздан естідім, “Сұлтан отбасыларына өзгеше мәміле жасау керек” деген. Қаласаңыз бұл үшеуін Хазреті Әбу Бәкір, сіз және мен ұлдарымызбен некелестірейік.”-деді. Хазреті Омар бұл ұсынысты құптады. Бұл үйленгендерден бір ер баладан дүниеге келді. Бұлар Хазреті Әбу Бәкірдің немересі Қасым, Хазреті Омардың немересі Салим және Хазреті Әлидің немересі Зәйнәлабидин еді. Бұлардың үшеуі де өскенде Мәдинаның мәшһүр жеті ғалымының ішіне кірді.