Untitled Document

Бұл қызық... Сіз білесіз бе?

♦ Күнделікті көріп жүрген ең үлкен жұлдыздарға қарағанымызда, негізінен 4 миллиард жыл бұрынғыға қараған боламыз.

♦ Израилдегі Өлі теңізде тұншығу мүмкін емес... Суының тұздылығы 25 пайызға жақын болғаны үшін тіптен теңіздің бетінде отырып газет те оқуға болады.

♦ Адам күлімдеуі ушін 17, ал қабағын түю үшін 43 бұлшықетке қажеттілігі бар.

♦ Матиссенің “Батеау-геми” атты суреті, 1961жылы Нью-Йорктағы өнер мұражайында қателікпен  2-ай бойы теріс ілініп тұрған. Мұражайға келген 12 мың көрерменнің ешқайсысы мұны аңғармапты.

♦ 1637 жылы Англияда Шекспирмен жазушы Бен Джонсон, Лондондағы Вестминистр Аббейде (мәжіліс сарайы) жерді үнемдеп тігінен көмілген екен.

♦ Ернест Винсент атты жазушының 1939 жылы жазған “Гадсби” атты романында 50110 сөз бар, бір қызығы бұл романның ішінде бірде-бір “Е” әріпі қолданылмаған.

 Күннің тарихы... Хазрет Ақшамседдин

 Стамбул жеңісінің рухани жетекшісі, ұлы ғалым, ұстаз, дәрігер және әулие хазреті Ақшамседдин Фатих Сұлтан Мұхаммет ханның ұстазы болатын. 1390 жылы Шам (Дамаск) қаласында туылып, 1460 жылы Гөйнүк (Түркия) қаласында қайтыс болған. Әр жылы май айының соңғы жексенбі күні, Гөйнүкте еске алу күні аталып өтуде.  

 Хажы Байрам Уәли хазреттерінің шәкірттері арасынан шыққан хазреті Ақшамседдин “Рисалат-ун-нурийа” және “Мадда-тул-хайат” атты кітаптардың авторы. Ақшамседдин хазреттері бұл кітаптарында: «Аурулар адамнан адамға жанды болмыстар арқылы өтеді» деп микробтарды алғаш ашқан ислам ғалымы болған.