Untitled Document

Сұхбат... Еңбекпен тапқан мал жақсы

Бұл дүние сынақ, ахирет жолаушылары мұнда қонақ. Адамға бұл жерде азық-түлік және киім-кешек керек. Ал бұлар еңбек етпейінше қолға түспейді. Барлық уақытын ақша табумен өткізген адам да алданады. Әрі ахирет үшін дайындалу керек, әрі дүниедегі қажеттіліктерін де қамтамасыз ету керек. Бірақ, бұларды да табу кезінде ахирет сапары үшін қажет екендігін ойлап табу керек.

Өзінің және бала-шағасының қажеттіліктерін халалдан табу, ешкімге мұқтаж болмау – жиһад болып табылады. Мұның сауабы көптеген ғибадаттардан да артық. Хадис шәрифте: «Бір мұсылман табысын халалдан тауып, ешкімге мұқтаж болмаса және көршілеріне, туыстарына жәрдем берсе, қиямет күні, айдың он төртінші түніндегідей жарқыраған, нұрлы болады» делінген.

Иса алейһиссалам бір мүминге: «Қайда жұмыс істейсің?»- деп сұрағанында, мүмин: «Ғибадатпен уақытымды өткіземін»,- деп жауап қайтарады. «Жарайды, онда қайдан тамақтанасың?»- деп сұрағанда, «Бүкіл қажет нәрселерімді бауырым береді»,- дейді. Сонда Иса алейһиссалам: «Олай болса, бауырың сенен де құнды ғибадат жасап жүр»,- дейді.

Хазреті Омар: «Еңбек етіңдер, табыс табыңдар, Аллаһу та’ала ризығымды жұмыс істемесем де жібереді демеңдер! Аллаһу та’ала аспаннан ақша жаудырмайды» деген.

Имам Ғазали хазреттері былай деген: «Кәсіп, яғни жұмыс істеп ақша табу, мүлікті арттырады, бірақ ризықты арттырмайды. Ризық белгіленген, тағдырда жазылған. Адамдар ақылдары түрлі деңгейде жаратылғаны үшін кәсіппен айналысу, жұмыс істеу әмір болды. Ризық айлыққа, мал-мүлікке, жұмыс істеуге байланысты емес. Осындай болса да, жұмыс істеу керек. Өйткені Аллаһу та’аланың әдеті осындай.»

Пайғамбарымыз: «Бір замандар келеді, адамдар тек мал-мүліктің, ақшаның келуін ойлап, халалын, харамын ойламайды» деген. Олай болса, мұсылман әр алғанын халал ма, харам ба деп ойлауы керек, харам болса алмауы керек. Алған нәрселерінде ақысы болғандарға бөлісітіріп беруді, кедейлерге, мұқтаждарға жәрдем беруді ойлауы керек. Тапқанына қанағат ету керек, Аллаһу та’аланың бергеніне разы болуы керек. Хадис шәрифте: «Қанағат еткен адам тояды»- делінген.