Сұхбат... Бисмилләһ айту
Жақсы істерді бисмилләһпен бастау керек. Бисмилләһ-тің толығы «Бисмилләһиррахманиррахим» деген сөз. Ләухул-махфузға (тағдырлар кітабы) алғаш жазылған сөз бисмилләһ болып табылады. Адам пайғамбарға алғаш келген сөз – бисмилләһ еді. Мұсылмандар бисмилләһ сөзін айтып Сыраттан өтеді. Жұмақ шақыруының мөрі бисмилләһ болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Бисмилләһпен басталмаған әрбір маңызды іс нұқсан болып қалады».
«Үйге кіргенде шайтан да сізбен бірге кіруге тырысады. Кірерде бисмилләһ айтылса, шайтан «бұл үйге кіре алмаймын» деп, кері қайтады».
«Ұстаз шәкіртіне бисмилләһ оқыса, шәкірті қайталаса, Аллаһу та’ала баланың және ата-анасының және ұстазының тозаққа кірмеуі үшін құжат жаздырады».
Ғибрат...
Бисмилләһ сөзіне құрметтің марапаты
Басра қаласында өмір сүрген Мансур бин Аммар хазреттері кішкентай кезінде жерде бір қағаз көреді. Қағазда «бисмилләһ» деп жазулы еді. Мүбәрәк жазудың жерде жатқанына іші сыздап, жерден көтерді. Айналасына қарап қағазды қоятын биік жер таба алмай, соңында аузына салып жібереді. Сол түні түсінде жүзі нұр шашқан қарт кісіні көреді: «Сен Раббыңның есіміне құрмет еттің, сол үшін Аллаһу та’ала саған ғылым мен хикметтің есіктерін ашты» дейді. Оянғанында көңілінің өзгеше әсерленгенін байқайды. Бүкіл күнәларына тәубе етеді. Қысқа мерзімде заманының үлкен әулиелерінен болады. Бірде ол шәкірттеріне «Сендерді тозақ отынан қорғайтын нәрселерді көбейтіңдер» дейді. Шәкірттері «ол не нәрсе» деп сұрайды. Сонда «Аллаһтың құлдарына жақсылық жасау» деген екен.