Untitled Document

Жалғасы... Салауатты өмір салты үшін кеңестер (2)

● Шекер мен тұзды азайтыңыз. Шекер мен тұздың күндік мөлшерін шамадан асырмау салауатты өмір үшін өте маңызды. Қандағы шекер мөлшерін жылдам көтеретін және жылдам түсіретін шекер мен шекерлі азықтардың орнына, бүтін астықты нан, жеміс-жидек секілді талшықты азықтарды тұтыныңыз. Жейтін азықтарыңыздың көпшілігінің құрамында онсыз да тұз бар екендігін естен шығармаңыз, қатты қажет болмаса, қосымша тұз сеппеуге тырысыңыз. 

● Стреске жол бермеңіз. Стрес, күйзеліс денсаулыққа қауіп келтіретін факторлардың алдыңғы қатарында орын алады. Салауатты қоректенгенмен тынымсыз уайым, күйзелістер жасушалардың жұмысын тежейді. Позитивті энергиямен күн бастап, бақытты, қуанышты көңіл күйде болуға дағдыланыңыз.   

● Жақындарыңызбен бірге болыңыз. Стрес гормондары иммунитет жүйесіне зиян келтіреді. Жас көріну және деніңіз сау болуы үшін отбасыңызбен, жақын адамдарыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз. Жақын адамдармен бірге болу, серуендеу, массаж алу стреспен күресте әсерлі болып табылады.  

● Темекі мен спиртті ішімдіктен ұзақ тұрыңыз. Темекі мен арақ – өлімге апаратын көптеген аурулардың негізін қалайтын жаман індет екені әрдайым айтылып келеді. Сонымен қатар дене мен терінің тез қажып, қартаюының ең басты себептерінің бірі екендігін ұмытпаңыз.

● Күннен пайдаланыңыз. Д дәруменінің көзі болып табылатын күннен дұрыс пайдалану қажет. Аспан ашық күндері таңертең немесе түстен кейінгі уақыттарда күнге қыздырыну иммунитет жүйесін күшейтетінін ескеріңіз.