Денсаулық... Салауатты өмір салты үшін кеңестер (1)
● Күніне 8 сағат ұйықтаңыз. Сапалы ұйқы иммунитетті күшейтетінімен қатар жас, әрі сергек көрінуіңізді қамтамасыз етеді. Күніне 7-8 сағаттық сапалы ұйқы есте сақтау қабілеті және мидың саулығы үшін де маңызды.
● Өңделген азықтарды азайтыңыз. Салауатты өмірдің алғашқы қадамы сапалы қоректену жүйесі. Маусымына қарай жеміс-жидек, көкөністерді тұтыныңыз. Дәнді-дақылды және талшықты азықтарды таңдаңыз. Майлы тағамдардан мейлінше ұзақ тұрыңыз. Шұжық, сосиска секілді өңделген азықтарды мүмкін болса, мүлдем ас мәзірінен шығарыңыз.
● Күніне 8 стақан су ішіңіз. Клеткалық деңгейде орын алатын метаболикалық құбылыстар және дененің бүкіл функциялары үшін жеткілікті дәрежеде су ішу қажет. Шөлдемесеңіз де 8-9 стақан су немесе 1-2 литр су тұтыну күндік су қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, терінің саулығына жақсы ықпал етеді, ас қорыту қиындығы, бас ауруы және ұмытшақтыққа қарсы жақсы көмектеседі.
● Ашық ауада жаяу жүріңіз. Спортпен шұғылдана алмасаңыз, ең болмағанда күніне жарты сағат бірқалыпты, жылдамырақ қадамдармен жаяу жүруге тырысыңыз. Осылай жаяу жүру әрі салмақты бір қалыпта ұстауға, әрі оттегі сыйымдылығының артуына, қан қысымының реттелуіне және стрестің азаюына ықпал етеді.
● Дәрігерге көрінуге немқұрайлы қарамаңыз. Жүйелі дәрігерлік тексеру арқылы белгісі көріне қоймаған кеселдерді ертерек анықтап, алды алынуы мүмкін. Әсіресе әрекетсіз өмір салтындағылар және толық адамдар ілгеріде қант диабеті қаупіне қарсы инсулин төзімділігі бар жоғын тексеруі қажет.
(Жалғасы ертең...)