Мәдени адам
Мәдени адам бәрінен бұрын көркем мінезді, адал және еңбекқор, дін тәрбиесімен жетілген, дүниелік ғылымдарды да жақсы меңгерген адам. Өзі де, сөзі де дұрыс болады. Ғалымдарға мойынсұнады. Діннің әмірі мен тыйымдарын жіті ұстанады. Ғибадаттарын мүлдем тәрк етпейді. Бала-шағасының иманды, көркем мінезді болып өсуіне қатты мән береді. Оларды жаман дос пен жаман медия құралдарынан қорғайды. Уақыттың қадірін біледі, әр ісі тыңғылықты, сағат-минутына дейін өлшеулі. Уәдесіне берік болады. Діни және дүниелік міндеттерін бітірмейінше іші дамыл көрмейді. Бір істі ертеңге қалдыру былай тұрсын, ертеңгі ісін бүгін орындайды. Пайғамбарымыз: «Мұсылман тілі мен қолынан ешкімге зиян тимейтін адам. Ол алданбайды және алдамайды» деген. Яғни ұрлық жасамайды, зұлымдық етпейді, қулық, арамдық жасап ешкімді алдамайды, аманатқа қиянат жасамайды, өтірік айтпайды, ешкімді ренжітпейді, жала жаппайды. Мұсылман сенімді, адал адам деген сөз.
Ата-бабамыздың осы қасиеттерін бойымызға сіңірсек, материалдық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да жоғарылап, әрбір ісімізде табысты болып, Аллаһу та’аланың разылығына қауышамыз.
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.