Мақала... Теледидардан тәрбиесі (1)
БАҚ-тағы бір мақаладан үзінді:
1960 жылдары Микронезия аралдарында өзіне қол жұмсау дегенді ешкім білмейтін. Кейін едәуір түрде көбейе бастап, 1980 жылдары дүние жүзі бойынша алдыңғы орынға шықты. Кішкентай ғана аралдағы жастардан болмашы ғана себептерді желеу етіп өміріне қол салатындар көбейіп кетті. Мұның себебі ақпарат құралдарында жарық көрген бір оқиға болатын. Сима атты 17 жасар жеткіншек әкесімен ұрысып, үйден қуып жіберген әкесіне жауап ретінде асылып өледі. Бұл оқиға ақпарат құралдарының ықпалымен құлақтан құлаққа жетіп, Симаның өлімі тәкаппарлығына нұқсан тигенсымақ жастар арасында өзін көрсетудің ритуалы халіне айналды. Жастар арасында осындай мәндегі өлеңдер, көше дуалдарында, футболкаларда жазылған жазулар көбейіп жастардың санасында қалыпты құбылыстай орныға бастады...
Жоғарыдағы мысалда өткеніндей жаман жаңалықтардың эфирге шығуы арқылы осындай мәндегі жамандықтың басқа жерде де қайталануы арасында байланыс бар екендігін көруге болады. БАҚ-та бір жаңалықтың жариялануы адамдардың ол нәрсені қалыпты нәрседей қабылдай бастауы, ол уақиғаның өзінен де жаман екендігі сөзсіз. Ал Ислам ғалымдары жасалған күнәны өзгеге, естірту жария ету күнә үстіне күнә болатындығын білдірген. Басқаларға жаман үлгі болмау үшін, жасырын істелген күнәның тәубесі, өкініші жасырын болу керектігін айтқан.
Шетелдік кино, сериалдарда көп қылықтар біздің қазақи менталитетке жат, арсыз қылықтарға толы екендігін байқауға болады. Бірақ уақыт өте келе адамдардың санасында сол тірліктер қалыпты құбылыстай орныға бастады. Шетелдік кинолардағы арсыздықты батыстықтар еркіндік деген ұранмен перделегісі келеді. Ал негізінде адам мен малды ажыратып тұрған бірден-бір фактор ар-намыс, ұят сезімдері емес пе?
(жалғасы ертең)