Сұхбат... Аллаһтан қорқу
Аллаһтан қорқу және Аллаһты сүю адамды бақыт пен жан рахатына қауыштыратын қос қанат секілді. Аллаһтан қорыққан адам оның бұйрықтарын орындауға, тыйымдарынан сақтануға тырысады. Ешкімге жамандық жасамайды. Басқалардан келген жамандыққа сабыр етеді. Жасаған күнәларына өкініп, тәубе етеді. Сөзінде тұрады. Барлық жақсылықты Аллаһ үшін жасайды.
Мұсылман адам ешкімнің мал-мүлкіне, арына, жанына қол салмайды. Жұмыста, сауда-саттықта ешкімнің ақысын жемейді. Күмәнді нәрселерден аулақ тұрады. Жоғары лауазымды кісілердің алдында артықша қарапайымдылыққа беріліп, жағымпазданбайды. Білім және ахлақ иелері мен достарын құрметтейді. Мінез-құлқы жаман адамдарға насихат айтады, оларға еріп кетпейді. Кішілерге ізет көрсетеді. Қонағын сыйлайды. Зиянды, бос сөз сөйлемейді. Ешкімге қаталдықпен, қопалдықпен мәміле етпейді, жомарт болады. Мал-мүлік және лауазымды жұртқа пайдалы болу үшін талап етеді. Екіжүзділік жасамайды. Аллаһу та’аланың көріп тұрғанын біліп, ешқандай жаман әрекеттерге бармайды. Оның әмірлеріне жабысып, тыйымдарынан қашады. Аллаһтан қорыққан адамдар ұлтына, еліне осындай пайдалы адам болады.
Кешегі жауап: Сұрақ белгісінің орнына 198 саны келуі тиіс. Себебі:
1+ 1 = 2
2 x 2 = 4
4 + 3 = 7
7 x 4 = 28
28 + 5 = 33
33 X 6 = 198