Untitled Document

Отбасы ... Жанұялық өмір

Үйленейін деп жүрген жігіт некенің маңыздылығын, қалай орындалатынын, қыз таңдағанда неге мән беру керектігін және әйеліне, бала-шағасына және туыстарына қатысты міндеттерін алдын ала үйренуі керек. Сонымен қатар пәк болған, дініне берік бір қыз іздеуі керек. Мал-мүлкі көп, асқан сұлу болуына қарамау керек. Байлық және сұлулық үшін, пәктік пен бақыттылықты қолдан жіберіп қоймау керек. Мұсылман қыздың кәпір еркекпен үйленуі жаиз емес (болмайды). Некеден бұрын қызды көру сүннет және жақсы қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етеді. Салиха және жақсы мінезді қызы болған әулеттен іздеу керек. Жаман мінез және пәксіздігімен аты шығып өзін де, күйеуін де ел аузына өсекке қалдыратын әйелден ұзақ болу керек.

Әйелдердің жүректері нәзік және сезімдеріне тәуелді болатындықтан бір-бірін көре алмаушылықтары көп болады. Бұл жөнінде, әсіресе жаңадан үйленгендердің көзі ашық болуы керек, анасы, әпке-қарындасы және басқа әйелдердің жұбайына шақыстыруына алданбауы керек, мұндай нәрселерге жол бермеуі керек. Мұндай сөздерге сеніп әйелін ренжітуден өте сақ болу керек.

Әйелінің, анасы және әпке-қарындастары жайлы айтқандарына да көзі ашық болу керек. Ананы ренжітуіне қорлауына көзді жұмбау керек. Анасына өзі, әйелі және бала-шағалары да міндетті түрде құрмет көрсетуі тиіс. Әке-шешеге, қайыната мен қайыненеге құрмет және қызмет етуді бірінші міндет деп білу керек. Үлкендердің ризашылығын, дұғаларын алуға тырысу керек, игі дұғаларын үлкен табыс деп білу керек. Ақылды ерлі-зайыптылар бір-бірін ренжітпейді. Өмірлік жолдасын ренжіту ақымақтықтың белгісі. Залым, жаман мінезді адамның өмірлік жолдасы тұрақты ренжи беруден жүйкесі тозады. Жүйке ауруына шалдығады. Жүйкенің тозуымен түрлі аурулар да шыға бастайды. Өмірлік жолдасы ауру болған адам құрыды деген сөз. Бақытының соңы келді, жолдасының қызметінен, көмегінен мақұрым қалды деген сөз. Өмірі оның дерттерін тыңдаумен, оған дәрігер іздеумен, оған үйренбеген қызметтерді жасаумен өтеді. Бүкіл бұл пәлекеттерге, бітпейтін қиыншылықтарға өзінің жаман мінезі себеп болғанын ойлап та көрмейді. Басын қанша ұрса да, шашын жұлса да өкінішке орай енді бұл өкінудің пайдасы болмайды.