Untitled Document

Денсаулық... Руханияттың денсаулыққа әсері (2)

Адамзат руханияттан, діннен алыстаған сайын кері әсерлер көбеюде. Өйткені иманнан алыс адамдар стресске тез тап болуда. Қоғамда бізді құшағына алып, басымыздан сипап, қайыр тілеп дұға ететін, бата беретін, насихаттарын айтып рухани байытатын ата-әжелер азаюда. Дастархан басынан дұға етіп тұратын, көршілері ауруға шалдыққанда көңіл сұрап кіретін, ыстық сорпа дайындап әкелетін адамдар азайды. Қоғамдық көліктерде қарттарға, балалы аналарға орын беруден қалдық. Зорлық-зомбылық, әлімжеттілік етек жаюда, үлкенге құрмет, кішіге ізет азаюда. Негативті энергия өндіретін қоғамға айнала бастадық. Бұл жақсы емес.

Қазіргі таңда жұқпалы емес аурулардың басты себебі семіздік және стресс деуге болады. Семіздіктің басты себептері адамдардың үй тағамдарынан алыстап, химикаттармен әрленген дайын азық түрлеріне әуестенуінде. Сондықтан салауатты қоректеніп, руханиятымызды байытып, өнегелі болуға, позитивті ойлауға ден қоюымыз қажет. 

Сондай-ақ аурулардан қорғану және кейбір аурулардың жақсаруы үшін дененің токсиндерден арынуының  пайдасы орасан-зор. Детокс деп аталатын токсиндерден арыну жолдарының ең арзаны хажамат (хижама). Дүние жүзіндегі әр түрлі университеттердің лабораторияларында жасалған зерттеулерде қолдан алынған веноз қан мен хажамат қаны салыстырылған екен. Хажамат қанында ауыр металдардың, қан майларының және зәр қышқылының көбірек болғаны анықталған. Хажамат – фибромиалгия, семіздік, әлсіздік, тері аурулары, экзема және біршама көз ауруларына пайдалы. Саулықты адамдар профилактика ретінде жылына 1-2 рет хажамат жасауына болады.