Денсаулық... Руханияттың денсаулыққа әсері (1)
Бұл тақырып алғаш рет 2006 жылы Тайм журналының мұқабасына басылған болатын. Бұл хабарда «Сенімге (дінге) байланған адамдар ұзақ өмір сүреді, әрі денсаулығы мықты болады және ауруды оңай қабылдап оған қарсы күресе біледі» делінген болатын.
Руханияттың денсаулыққа әсерін былайша түсіндіруге болады: Қазіргі таңда медицинада біз тек өлшей алатын энергияларды ғана бар деп қабылдаудамыз. Бұрындары жүрек қағысын өлшей алмайтын едік, микробтарды көре алмаушы едік. Ал қазір электрондық микроскоптармен жасушаларды, тіпті ДНК-ларды да көре алудамыз. Мұны 40 жыл бұрын айтса, ешкім сенбес еді. Дәл осы нәрсені сезімдер жайлы да айтуға болады. Бәлкім ілгеріде оны да көре алатын болуымыз әбден мүмкін.
Әлемде барлық нәрсе энергия арқылы жүзеге асуда. Қатты қорыққан кезімізде адреналин көтеріледі. Адреналин өзі зат, бірақ оны қорқыныш сезімі туындатуда. Қазіргі таңда қорқынышты өлшейтін көрсеткіш жоқ. Бәлкім 20 жылдан кейін оны да анықтайтын болармыз. Екі энергия тобы бар. Қорқыныш және махаббат. Қорқыныш – махаббаттың бақылауынан шыққан, дербес халі. Мұнда маңыздысы сана-сезім. Жүрегіңізге шынайы мағынада махаббатты, мейірімді, кешірімді болуды және позитивті энергияны орналастыратын болсаңыз, сіз өз-өзіңізді көп аурулардан емдей аласыз. Мен науқастарға үнемі «саналарыңды негативті ойлармен толтырмаңдар» деп айтамын. Миыңызда жаман ой болмаған жағдайда ауру да болмайды. Өйткені энергия жүйесінің әшраф сағаты бар. Сол сағатқа тура келсеңіз ауруды өзіңіз қалыптастырған боласыз.
(жалғасы ертең)