Untitled Document

Мақала... Жүре пайда болған (жаттанды) шарасыздық

Жүре пайда болған шарасыздық деп мүмкіндігі бола тұра өз жағдайын жақсарту үшін мүлдем ешнәрсе жасамайтын психикалық жағдайды атайды. Бұл жағдай негізінен ортаның жаман әсеріне қарсы жасалған бірнеше әрекеттің сәтсіз аяқталуы кезінде пайда болады. Ақыры соңында адам  зарарлы ортаны ауыстырудан немесе қашудан бас тартып, еркіндік сезімі мен өз күшіне деген сенімін жоғалтып, күйзеліс пен апатияға түседі. Алғаш рет бұл феноменді 1966-жылы екі психолог: Майкл Селигман мен Стив Майер анықтады. Олар иттерге сұмдық тәжірибе жүргізді. Иттерді үш топқа бөлді. Бірінші топтағы иттерді біраз уақыт торда ұстап, жібере салды. Екінші топтағы иттерді аз қуатты тоқпен ұрып, бірақ табандарымен тұтқаны басып, тоқ көзін ажыратуға мүмкіндік берді. Үшінші топтағы иттерді де тоқпен ұрғызып, бірақ тоқты сөндіруге мүмкіндік бермеді.  Біраз уақыт өткен соң үшінші топтағы иттерді қоршаудан оп-оңай секіріп өте алатын арнайы қаумалға қамады. Осы торда да иттерді тоқпен ұрғызды. Бірақ, иттер қашпай, сол жерде тұра берді. Ғалымдар иттерде «жүре пайда болған шарасыздық» пайда болып, олар сыртқы ортаның әсерінің алдында шарасыз екеніне сенімді болғанын анықтады. Осыдан кейін ғалымдар адам психикасы  да бірнеше сәтсіздіктен кейін өзін осылай ұстайды деген қортындыға келді. Бірақ, өзіміз онсыз да білетін нәрсе үшін иттерді сонша қинауға бола ма екен? Бәлкім, көпшілігіміз ғалымдардың жоғарыда аталған тәжірибесіндегі дәлелдің мысалын өз өмірімізден де таба алатын шығармыз. Әр адамның өмірде бәрі өзіне қарсы тұрғандай көрінетін сәтсіз кезеңдері болады. Ондай кезде ерік жігеріңді жағып, бекемдік таныту керек. Дәл осындай сәттер бізді шыңдап, күшті ете түседі. Ешқашан еңсеңізді түсіріп, арманыңыздан бас тартпаңыз. Өмірдің қиын сәттерінде барлық жағдайдан шығатын жол бар екенін және «қаумалдан секіріп шығуға» болатынын ұмытпаңыз. Күн шығардың алдында ғана – түн қоюланады.