Мәлімет... Жүргізушілердің назарына
● Алдыңыздан шыққан нәрсеге соғыспау үшін тежегішті басумен ғана шектелмей маневр жасауға да тырысыңыз.
● Спиртті ішімдік өте зиянды. Жол апаттары мен өлімнің көбі спиртті ішімдіктің кесірінен орын алатынын ұмытпаңыз.
● Көлік жүргізіп жатқанда шылым шекпеуге тырысыңыз.
● Сөйлегенде басты жаныңызға немесе артқа бұрмау керек.
● Ашуланбау керек. Сабырлы болуға, ашуды жеңуге тырысу керек.
● Асықпау керек. Асыққан шайтанның ісі. 5 минут ерте жетемін деп келеңсіздікке ұшырайтындар көп.
● Алдағы көліктің оң жағынан басып озбау керек.
● Жаяу жүргінші өтетін жерлерден мұқият жүру керек.
● Көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефон қолданбаңыз. Жол апаттарының едәуір бөлігі ұялы телефон қолданудың кесірінен орын алады.
● Қыста жолдың беті мұзды, сулы және қарлы болуы мүмкін екендігі әсіресе жел соғатын аймақтарда мұз қататыны әрдайым ойда болу керек.
● Ұзақ сапарға шыққанда жиі-жиі тоқтап, жүйкені демалдырып тұру қажет.
● Ұзақ жолға шыққанда күн шығарда және батарда мұқият болу керек.
● Сағат 03:00 мен 05:00 арасында ұйқының ең қысатын уақыты. Осы уақыттарда аса мұқият болу керек.
● Статистика, жол апатының ең көп бөлігі жылдамдықты шамадан тыс асырудан болатынын көрсетуде. Сондықтан жылдамдықты шектен асырмауға мұқият болу керек.