Сұхбат... Ұятсыз адам бәрін істейді
Адам алейһиссаламнан бастап біздің пайғамбарымызға дейін қанша пайғамбар келген болса, әрбірі үмбетіне «Ұялмасаң, бәрін істейсің» деген насихатын айтқан. Бұл – ескерту. Осы себептен пайғамбарымыз алейһиссалам «Ұят иманнан» деген.
Ұялу – ниғмет. Ұялмайтын адам барлық нәрсені істей алады. Сондықтан адамға ұялу қасиеті өте қажет. Ұялу үшін ұялатындармен бірге болу керек. Ұялмайтындармен бірге болған адам арсыз, ұятсыз болады. Себебі, мінез жұқпалы. Жақсы мінез сияқты жаман мінез де адамнан адамға жұғады. Жақсы мінезді болғысы келген адам жақсы мінезділермен бірге болу керек.
Мүмин мүминнің артынан дұға етеді, мұнафиқ мүминдердің артынан ғайбат айтады. Мүмин мен мұнафиқтың айырмашылығы осы. Ешбір мүмин басқа мүминнің артынан, ол естіген кезде ренжитіндей сөз айтпау керек. Әйтпесе құл (кісі) ақысына кіреді. Құл (кісі) ақысы тікелей халалдасуға (кешірімін алуға) байланысты. Материалдық құл ақысы бар болса, мирасқорларына береміз, мирасқорлары жоқ болса, қайырымдылық, жақсылық жасалады, бірақ егер біреуді ренжітетін болсақ, оның көңіліне тиетін, оны қинайтын сөз айтқан болсақ, ол да естіген болса, жалғыз шарасы – онымен халалдасу (кешірімін, разылығын алу).
Әр адам қолына және тіліне ие болу керек. Таңертең адамның барлық мүшелері адамның тіліне «Отқа өзіңді де, бізді де тастама! Істеме, істеме!» деп жалбарынады екен. Тіліңмен бізді жақпа дегені, егер тіл өтірік айтса, жала жапса, ғайбат сөйлесе, кейін соның азабын бүкіл дене көреді. Міне сондықтан да «Не қайыр сөз сөйле, не үндеме» деп бұйырылған.