Ғибрат... Ғалымдардың қаны у.
Табииндерден, Ислам әлемінде сахабалардан кейін жетілген әулие және ғұламалардың ең ұлыларынан болған, Әһли сүннеттің көшбасшысы және Ханафи мазһабының құрушысы Нұғман бин Сабит бин Зута. Әбу Ханифа және Имам Ағзам лақаб аттарымен танымал болған. Куфада туылғаны үшін Куфи деп те білінеді. 699 (Хижри 80) жылында Куфада туылып, 767 (Хижри 150) жылында Бағдатта қайтыс болды. Қабірі Бағдатта.
Тегі Иранның алдыңғы қатарлыларынан болған Имам Ағзам Әбу Ханифаның атасы Зута мұсылман болып, хазіреті Әлиді құрмет тұтатын. Оның сұхбатына қатысатын. Әкесі Сәбит те хазіреті Әлимен көрісіп сұхбатына қатысқан. Хазіреті Әли Сәбитке және оның нәсілінен келетін адамдарға қайырлы дұға етті. Текті, білімді, салих және қадірлі адамның баласы болған Имам Ағзамның балалық шағы туылған жері болған Куфада өтті. Жанұясынан жақсы тәрбие көріп, кішкентай жасынан Құран кәрімді жаттады.
Имам Ағзам шәкірттері арасында отырғанында, бір сәтте денесін бір шаян шағып, жерге құлайды. Шәкірттері шаянды өлтірмекші болғанда Имам Ағзам: «Оны өлтірмеңдер! Өзімді осы шаянмен тәжірибе етейін, «Ғалымдардың қандары у» деген хадис шәрифтегі ғұламалар қатарына жатамын ба көрейік?» дейді. Шәкірттері шаянға қарағанында, тыпыршып жатып, бүрісіп бірден өлгенін көрді.
Күлімдейік...5 жануар
Бір күні жануартану пәнінің мұғалімі оқушыларға сұрақ қояды.
- Африкада мекендейтін 5 жануарды атаңдар,- депті.
Сонда бір бала атып тұрып «2 піл, 3 жираф» деген екен.