Ғибрат... Мухиддин Араби
Шайхи әкбар Әбу Бәкір Мұхаммед бин Әли дін ғұламаларынан еді. Андалусия елінде (Испания) туылып, 1240 жылы Шам (Дамаск) қаласында қайтыс болды. Фиқһ және кәлам ілімдерінде жетік ғалым болған. Коня қаласына келіп Садриддин Коняуидің жесір болған анасына үйленеді. Өте зерек және есте сақтау қабілеті де өте мықты еді. Сұлтандардан және әкімдерден (уәзірлерден) мырзалардан көп құрмет көретін, көп сыйлықтар келетін еді. Барлығын мұқтаждарға тарататын. Көптеген кітаптар жазды. Жазғандарын түсіну үшін ғалым болу керек.
Мухиддин Араби хазреттері өмір сүрген дәуірде оның түсінілмеген сөздерінің көпшілігі кейіннен кейбір себептермен анықталды. Сондай өз дәуірінде мағынасын ешкім түсінбеген сөздерінің бірі мынау: «Екі темір бір-біріне соғылғанда ұзақтан дыбыс келеді және темірлер жерге түскенде ұзақтар жақын болады!»
Арадан ғасырлар өткен соң бұл сөздердің біріншісін телеграфтың шығуын, екіншісін болса, темір жолдың және поездің шығуын меңзеп айтқаны белгілі болды. Сонымен қатар электр тогын тағы басқа да нәрселерді ашқан Эдисон, еңбектерінде Мухиддин Араби хазреттерін “ұстазым!” деп атап өткен.
Тағы бір кереметінің шығуы былай болған: Саулығында «Менің мазарым “син” (с) әрібі “шин” (ш) әрібіне келген кезде табылады!» деп айтып кеткен еді. Арада ғасырлар өтіп Явуз Сұлтан Сәлім хан Сирияны алып Шам қаласына келген кезде мазары табылды және жөнделді.
Тағы бірде Шамның маңындағы бір төбеге шығып сол жерде болғандарға; «Сендердің табынғандарың менің аяғымның астында» дегенде адамдар түсінбей, жамандаған еді. Явуз Сұлтан Сәлім хан Шам (Дамаск) қаласын алған кезінде Мухиддин Арабидің бұл сөздерді қай жерде айтқанын сұрастырып, әлгі төбені табады. Сұлтан Сәлім хан ол жерді қазыңдар деп бұйырады. Қазылған жерден көптеген алтын шықты. Осылайша Мухиддин Араби хазреттерінің адамдарға «табынғандарың» деп айтқан сөзінің мағынасы белгілі болған. Яғни «Сендер алтынға, ақшаға және дүние малына табынып кеттіңдер» деп айтқысы келгені мәлім болды.