Тарих... Ахыска (месхет) түріктері (2)
Көп қорлық көрдік, қиын уақыттарды бастан өткердік. Жуынатын су болмағандықтан, үстімізді бит басып кетті. Әжетхана да жоқ. Вагонның бір бұрышын жамылғымен жауып қойып, әжетхана ретінде қолдандық. Күннің суығында сол вагонмен бір ай жол жүрдік. Бөріткен, сүзек ауруына шалдықтық. Біраз адам өлді. Ұрпағы таусылған жанұялар болды, ошақтары сөнді. Ауырып қалғандарды әкететін. Үлкен әпкем ауруға шалдықты. Тексеруге келгендерінде оны көрмесін деп төсенішке орап, тігіп қоятын едім. Сосын ауру адам жоқ дейтінмін. Өлгендерді арттағы бос вагонға жинады. Бір жерлер немістердің зеңбіректерінің нәтижесінде ойық-ойық, шұңқыр болып қалған екен. Сол жерге келгенде тоқтап, әлгі өлілерді сол шұңқырларға тастай салды. Бір адамға күніне 200 грам нан беретін. Жолай Алматы қаласынан өттік. Естерхан деген бір жер бар еді. Бізді сол жерге түсірді. Өлілерімізді құдыққа тастады. Сосын Өзбекістанға апарды. Аллаһ жәрдем етті, күш берді, сабыр берді, шыдап төздік. Өлгендер өлді, қалғандар қалды...»
Хикмет...
Не үйрендіңіз?
Лұқман Хакимнен адамдар «Мына өмірден не үйрендіңіз?» деп сұрағанында былай жауап берген екен:
1) Намазда жүрегіме ие болуды үйрендім.
2) Тамақта қолыма ие болуды үйрендім.
3) Қоғамда тіліме ие болуды үйрендім.
4) Жасаған жақсылығымды ұмытуды үйрендім.
5) Маған жасалған жамандықты ұмытуды үйрендім.
6) Аллаһтың құдірет иесі екендігін үйрендім.
7) Өлімнің хақ екендігін үйрендім.