Тарих... Ахыска (месхет) түріктері (1)
Ахыска – Ардахан өлкесінің солтүстігінде Грузия аумағында, Пософ өзенінің екі жағасында орналасқан жер. Алты қаласы мен екі жүз шақты ауылы бар. Тас жол арқылы Тбилиси, Батуми және Түркиямен байланысады. Ардахан қаласына 48, Пософ өлкесіне 12 километр қашықтықта орналасқан. 1828 жылы 50 мың болған халық саны, қазіргі уақытта Армяндардан құралған 25 мың шақты ғана.
Ахыска аймағы 1578 жылы Сұлтан III. Мұрат Хан заманында Османдықтардың жеріне қосылды. Ол жерге Кония, Йозгат және Токат аумақтарынан жанұялар қоныстандырылды. 250 жыл Осман мемлекетінің қарамағында болғаннан кейін, 1828-1829 Осман-Ресей соғысында орыстар әуелі Карс, сосын Ахысканы басып алды. Екінші Дүниежүзілік Соғыста Сталин қару ұстай алатын 40 мың түрікті соғысқа алғаннан кейін, қалған 91 мың түрік, 1944 жылы 14-16 қарашада (Көрші дұшпан мемлекеттің (Түркияның) ақпарат күштеріне байланыспай тұрып), әуелі Өзбекістанға айдалды. Бұл айдауда 17 мың адам қаза тапты. Кейіннен ахыска түріктері Қазақстан, Қырғызстан, Түркменістан, Әзірбайжан, Түркия, Сібір сияқты дүниенің барлық жеріне тарап кетті. Қазіргі уақытта жер бетінде 300 мыңға жуық Ахыска түріктері бар екені болжануда. Олар тарихи мекендеріне қайта оралу үшін түрлі амал-әрекеттер жасауда. 1944 жылғы қуғын-сүргіннің куәгері, ол кезде 17 жаста болған Бәдір ата көзінің тірісінде Ахмет Емин атты Ахыскалыға басынан өткендерін былай баяндап береді:
«Таңертең жиналыс бар деп айтты. Қырманға жиналдық. Айналамызды әскерлер қоршап алды. Елуден астам пулеметті әскер бар еді. Олар “Сендерге 24 сағаттық уақыт беріледі. Одан кейін сендер Орта Азияға барасыңдар. Жүктерің 16 килодан аспауы керек...” деді. 24 сағат уақыт берді, бірақ, 4 сағаттан кейін ауылға грузиндер келді. Заттарымызды жүк көліктеріне тиеп, алып кетті. Бізді екі күн сыртта күттіріп қойды. Ата-ана күні болды. Мысықтар мияулап, иттер үріп, малдар маңырап жатты. Оларға қарауға батылдығымыз жетпеді, ол жаққа қарай алмадық... Сосын пойыздың алпыс вагонына мінгізді. Алғашқы екі күні вагондарда аш, сусыз қалдық. Есіктерді сыртынан құлыптап тастады. Нан да жоқ, су да жоқ, ешнәрсе жоқ еді...»
(жалғасы ертең...)